«Дихан Әбілев оқулары»

14 мамыр күні Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы және аталған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе өткізілген жазушы, ақын, драматург, аудармашы Дихан Әбілевтің шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Дихан Әбілев оқулары» байқауы өтті.
Облыстық «HALYQ RADIOSY»- ның шеф редакторы Бекболат Сауырбайұлы, С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығының басшысы, ақын, сатирик Хонж Алпысбай Әбділұлы, Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі, журналист Боранбай Айдана Жеңісқызы байқауға қазылық етті. Дихан Әбілев шығармашылығын насихаттап, оның атындағы байқаудың өткізілуіне себепкер болған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Нұғыман Мейрам Төлегенұлы.
Жыл сайынғы бұл байқауға Павлодар қаласы жалпы орта білім беретін мектептерінің 5-8 сынып оқушыларынан 36 оқушы қатысты. Бұл сайыс – көркем проза бойынша сынға түсер байқау болды. Мектеп оқушыларына Д.Әбілевтің шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Үш дос», «Соп, борозда!», «Үлкен жүрек», «Сұлтанмахмұт» атты шығармалары берілді. Байқау мақсаты – мектеп оқушыларының бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылды. Әңгіме жанрын оқып-мазмұндау — оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқып, мазмұндай алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады.
Байқауда «Үздік жас ғалым», «Терең ізденіс», «Еркін сөз» аталымдары, 1-2-3 орын және «Бас жүлдеге» кубок берілді.
«Үздік жас ғалым», «Терең ізденіс», «Еркін сөз» аталымдары бойынша №24 мектептің 7 сынып оқушысы Алшерова Ұлжан, №17 мектептің 6 және 8 сынып оқушылары Секенова Аида, Тоқтар Тілеген марапатталды.
ІІІ орынды М. Әуезов атындағы ЖОББМ нің 7 -сынып оқушысы Бекболат Аяла,
ІІ орынды № 21 ЖОББМ-нің 8- сынып оқушысы Бауыржанова Азиза,
І орынды Жетекші ЖОББМ нің 8 -сынып оқушысы Байбулатова Алима иеленді.
Бас жүлде, кубокқа №7 ЖОББМ нің 6 -сынып оқушысы Шолпанқұл
Жүлдегерлер мен қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Комментарии запрещены.