«Ұлы ғұлама — Марғұлан»

15 мамыр күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері археолог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, филолология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына (1904-1985) арнап «Ұлы ғұлама — Марғұлан» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға М. Әуезов атындағы 8 «В» сыныбының оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі, «Педагогикалық дуэт-2024» облыстық байқауының жеңімпазы Купесова Аимгүл Бильгибайқызы. Оқушылар «Өмірі мен еңбек жолы», «Әлкей Марғұлан-тарихшы, археолог», «Ғылымдағы ерекше құбылыс», «Әлкей Марғұлан туралы қызықты фактілер» атты баяндамалар дайындап, білімдерін толықтырды. Кітапханашы аттас тақырыптық сөресі бойынша шолу жасап, кітаптармен таныстырды. Кейін оқушылар «Алкей Маргулан-ученый-энциклопедист» деректі фильмнен үзінді тамашалады.

Комментарии запрещены.