03.05.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Әскер-тәуелсіздіктің қорғаны» атты ерлік кеші өтті.
Ерлік кешіне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист С. Айтенұлы, Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тобының басшысы М. О. Хайруллаұлы, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының басшысы Ж. Қ. Қаратаев, Павлодар облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің подполковнигі Т. С. Жагипаров, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «99225 әскери бөлімі» сарбаздары, «Қазақстан республикасы ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі» сарбаздары мен «Торайғыров университеті» коледжінің ІІІ-курс студенттері қатысты.
Кеш барысында шараға келген қонақтар жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу тақырыбында қатысушыларға айтулы мерекенің, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихы, кешегі мен бүгінгі жай-күйімен таныстырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін дамыту мен нығайтудың негізгі кезеңдерін атап өтті, «Қазақстан республикасы ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімі»-нің сарбаздары қазақ ақындарының шығармаларынан өлеңдер оқып, қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері М. Ө. Сарсенбинова мен Қ. С. Альжанова, И. Байзақов атындағы Облыстық филармониясының солисі Б. Жоламанов әндерін тарту етті.
Сондай-ақ, «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесінде Орталық қалалық кітапханасының қорынан әскери ғылымдар бойынша, Қарулы күштердің жалпы әскери регламенттері, әскери заңнама негіздері, әскери-тарихи және патриоттық тақырыптарға қызығушылық танытқандарға арналған анықтамалық материалдар ұсынылды.