3 мамыр күні «Кітап көмекке асығады» жобасы аясында М.Жаманбалинов атындағы балалар кітапханасында «Альрами» клуб үйінің «ARCUS» даму орталығының мүшелері үшін «Мен және Күн – доспыз!» танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы біздің күніміз адамдарға, жануарлар мен өсімдіктерге жылу мен жарық беретін ғарыштық энергияның ең қуатты көзі екенін айтты. Ғылыми-техникалық прогресс басталғанға дейін де адамдар күнді бақылап, оның өмір беретін күшін біліп, оған Құдай ретінде табынған. Әрі қарай бағдарламада: «Дүниежүзілік күн күні», «Балаларға күн туралы», «Неліктен күн мен түн өзгереді» бейнероликтерін көру; «Сіз білесіз бе?»; «Табиғи жұмбақтар» байқауы; «Көк бұлттарға күн шықты» және «Сәлемдесу» әндерін бірлесіп орындау; « Шуақты күн» виртуалды викторинасы. Іс-шара соңында қатысушылар «Мен және Күн» мультфильмін тамашалады.