«Бейбітшілік — басты құндылық»

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай № 2 балалар кітапханасы «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубымен, 8-ші шағын ауданының Ардагерлер кеңесімен бірлесе отыры «Бейбітшілік — басты құндылық» атты мерекелік кездесу өткізді. Іс-шараға қонақ ретінде әзірбайжан халқының өкілі Бартули Евгения Владимировна шақырылса, армян халқының өкілі ретінде Погосян Милана мен анасы Елена Владимировна қатысты. Ұйғыр халқының өкілі боп Джуратов Умар мен анасы Анара келді. Қазақ халқының қол өнерімен № 8 шағын ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшесі Естаева Сара Қапанқызы таныстырды. Сонымен қатар әжелер тобы қатысып мерекені өркендетті. Жылдар бойы Павлодар қаласындағы «Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебіне» балалары қатысып, өздерінің ұлттық салт-дәстүрін үйреніп жүргенін Погосян Е.А. әңгімеледі. Сонымен қатар армян халқының ұлттық киімі, «Гата» ұлттық тағамы жайлы біраз ақпарат айтты. Джуратова Анар ханым ұйғыр халқының ұлттық тағамы «Самбусаны» өз қолымен әзірлеп, келген қонақтарға дәмін татқызды.
Ал Сара апамыз болса «Тақия жасау» шеберлік сабағын көрсетіп, үйретті.
Мерекелік кездесу «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген ақ батамен аяқталды.

Комментарии запрещены.