29 наурыз күні № 2 балалар кітапханасында «Балалар кітабы және музыка апталығы» аясында 30 наурыз — Жерді қорғау күніне арналып «Жер — ырыстың кіндігі» атты экологиялық сабағы өткізілді. Іс- шараға М. Ауәзов атындағы ЖОББМ 5 «Е» және 5 «И» сыныптарының оқушылары шақырылды. Олар табиғат Ананы қорғау және аялау туралы кітапханашының әнгімесін тыңдап, кітаптармен танысты. Кейін түрлі конкурстарға белсенді қатысты. Олар: «Табиғаттың жұмбақтары», «Эрудит», «Фразеологизмді түсіндір», «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Жас аңшы», т.б. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, қорытындысын шығарды. Кітапханамыздағы кездесу көңілді және пайдалы өтті деуге болады.