21.02.2024 жылы Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі Балалар ауылы Орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері Қазақ КСР Ғылым академиясының ғалымы, профессоры, академигі, тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Қаныш Сәтпаев — әлемге әйгілі ғалым. Оның геологияны ғылым ретінде дамытуға қосқан үлесі ерекше бағаланады. Қаныш Имантайұлы Қазақстанда әлі күнге дейін еліміздің экономикалық жағдайы мен дамуына әсер ететін орасан зор жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысты. Балалар қазақтың ұлы ғалымының өмірбаянын қызықтырып, оның жаңалықтары, балалық шағы мен өткен жолы туралы сұрақтар қойды. Шара соңында «Тарихи портрет» викторинасы өткізілді. Іс-шарада ғалымның өміріне арналған бейнеролик көрсетіліп, «Тұғыры биік тау тұлға» кітап көрмесі бойынша шолу жүргізілді.