24 қараша күні Ұлттық тәрбие орталығының жұмысы шеңберінде М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері және «Сағым жылдар» ансамблінің әжелер тобының мүшелері бірлесіп, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеу мақсатында Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 курс студенттері қыздар тобы үшін «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» дөңгелек үстел өткізді. Қыздарымыз тек сырты сұлу ғана емес, тәні, жүрегі, келбеті де, жанары да, назары да, табиғатына тән парасаты да сұлу болуы керек. Шара барысында басқада осындай үлкен сұрақтың төңірегінде әңгіме қозғалып, қыздарға сұрақтар қойылып, пікіралмасу жүргізілді. Әжелер қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, қыз тәрбиесіне байланысты түрлі кеңестер айтты. «Өзіңді сұлумын деп есептейсің бе?» атты сауалнама жүргізілді. Қыздар шараға белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті.