14 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық кітапханасының қызметкерлері ұлттық тәрбие орталығының жұмысы шеңберінде Павлодар медициналық колледжінің студенттері үшін «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» атты іс-шара өткізді.Кітапхана қызметкерлері келген қонақтарды 14 Наурыз күні Ұлы Даланың Ұлы күні, Жаңа жыл мейрамы, қыстан аман – есен шыққан Көрісу күнімен құттықтады. Шара барысында ұл мен қыз тәрбиесі туралы әңгіме айтылды, ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам….., егер қыз болсам…» атты ойын ойнатылды. Содаң соң «Нағыз адамға тән қасиеттер»,
жігіттің жолын кесіп аяғына тұсау болатын жаулары жайлы, «және қызға қандай қылық жараспайды» деген сұрақтар қойылып, ситуациялық тапсырмалар берілді. Шараға барлық студенттер белсенді қатысты.