07.03.2013 сағат 12.00 №3 көпшілік кітапханада 8 наурыз – әйелдер көктем мерекесіне орай «Ауыл әйелі: дәстүрлер мен қазіргі заман» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Ленин кентінің әйелдері шақырылды. Кент әкімі М.К. Әлшімбаева барлық қатысушы ханымдарды құттықтап, шақырылған қонақтарға шыдамдылығы мен еңбекқорлығы үшін алғыс білдірді. Іс-шараның әрбір қатысушысы өзі туралы айтып, ауылдағы өмірдің қызықты сәттерін еске алды. Ауыл отбасын мемлекеттің негізі ретінде нығайту, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ ауыл отбасыларының кәсіпкерлік қызметіне жағдай жасау қажеттілігі мәселелері талқыланды. Іс-шараға 30 адам қатысты.