№4 балалар кітапханасының оқу залында Ауған жеріне Кеңес әскерінің шыққанына 30-ж. арналған «Өртке оранған — Ауған» атты кездесу-кеші өтті. Ешкімге жарияланбаған, ерлік және қайғылы, интернационалист-жауынгерлерді өмірлерін мыңдап әкеткен , бұл соғыс Ұлы Отан соғысынан екі есе көбірек созылды. Шараға Ауған соғысының жауынгерлері, Кеңес Армиясының әскерлері Кокашин Кайрат Ж. және Захарчук Александр И. шақырылды.
Жүргізушілер Мухутдинова Н. К. және Мамбетова Л. С. Ауған жеріне Кеңес әскерлерін кіргізу себептері туралы тарихи аңықтама беріп, Б. Хазыровтың «Черный тюльпан» және А. Казаковтың «Палитра одной души» атты кітаптармен таныстырды. Ауғандағы соғыстың хроникасы көрсетілді, Ауған туралы өлеңдер орындалды. Қонақтар өздерінің Ауғандағы жауынгерлік өмірі туралы айтты. Захарчук Александр Иванович- сапер, Кокашин Кайрат Жамбырбаевич – танкист болғандарын балалар білді. Олардың қиын-қатерлі әскери қызметі туралы әңгімелері қызықты болды. Балалар көп сұрақтар қойды, қызықты, еркін әңгімелесті. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Шараның аяғында ардагерлер балаларға жауапты және батыл болуға, азаматтық борышына, антқа адал болуға тіледі. Оқушылар жауынгерлерге қызықты, мағыналы кездесу үшін алғыстарын айтты. Ауғандағы әскери қызметімен олар фашизмді жеңген ата-әкелерінің батырлығына лайық екендерін дәлелдеді. Ауғанның от жалынын абыроймен өтіп, олар терроризм мен агрессияға тойтарыс берді. «Ұрпақтар есте сақтасын» атты кітап безендірілді. «Это нельзя забыть», «Афганистан-история» атты слайдтар көрсетілді. Қатысқан №43 ОББМ 6 сынып 26 адам.