Павлодар а.

Құрылған жылы: 2005 жылдың 30 қарашасы

Байланыс телефоны: 35-85-06

Құрылымы: абонемент, оқу залы
Посмотреть на карте Павлодара


Кітапхана тарихы:

2005 жылдың 30 қарашасында Павлодарское ауылында облыстық «Ауыл кітапханасы» бағдарламасы аясында көпшілік кітапхана ашылды. Кітапхананың ашылған кезіндегі кітап қоры 2 587 дана кітапты құраған, оның ішінде қазақ тілінде — 428 дана болған. Ауыл оқырмандары үшін 48 180 теңге сомасына 31 дана мерзімді басылымдар жазылып алынды. Кітапхананың үй-жайына косметикалық жөндеу жасалып, жаңа жиһаздар мен компьютер сатып алынды, кітапханалық «РАБИС» бағдарламасы орнатылды, ақпараттық стендтер сатып алынып, кітапхана телефон желісіне қосылды. Ауыл әкімдігі, Ардагерлер кеңесі, ОКЖ әкімшілігі, теледидар мен прессаның қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кітапхананың бірінші меңгерушісі — Т.А.Райдер. кітапхана ашылғанына бір өткенде кітапханаға 120 оқырман жазылған. Тұрғындарға дифференциалды қызмет көрсету үшін ауылдың әлеуметтік-экономикалық бағдары зерттелді, «Село и люди» мақсатты кешенді бағдарламасы анықталды, іс-шаралар жоспары жасалды, жоспарлық көрсеткіштер орындалды.

2006 жылдан бастап кітапханады Г.Т.Шокубаева басқарады. Бүгінгі күні кітапхананың 1 000 тарта оқырманы бар. Кітапхананың № 40 ОМ педагогтарымен, әкімдіктің мемлекеттік қызметшілерімен, ауылдың Ардагерлер кеңесімен тығыз ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. «РубиКом» ЖШС, «Вельбот» ЖСШ ынтымақтастықты реттеу жоспарланған.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Бір бәйтеректің бұтағымыз» мақсатты кешенді бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді.

Мақсаттары: ауылда мәдениетті жаңғырту; кітапхана жұмысына жергілікті билік басшыларының назарын аударту.

Міндеттері: ауылдың түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерін насихаттау.

Серіктестері: ауыл әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері; № 40 ОМ педагогтары; ауыл зейнеткерлері мен ардагерлері.

Міндеттері: жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу; қазақтың дәстүрлі ойындарымен таныстыру.

Комментарии запрещены.