«Қысқы демалыс»

Міне, қыста келді, онымен бірге Жаңа жыл да келді. Жаңа жыл – ең құпиялы, сиқырлы мереке. Оны балалар да, үлкендер де асыға күтеді. Жаңа жыл мерекесінде барлығы ансаған армандарын тілейді, және бір-біріне түрлі тәттілер, сыйлықтар сыйлайды.

Қаңтардың 10 күні №4 б/к кітапханашылары «Самал» балалар орталығының тәрбиеленушілеріне «Қысқы демалыс» атты ойын-сайыс бағдарламасын өткізді.

Залда жаңа жылдық әуен орын алды. Балалардың жүздері нұрланып, жайнап тұрды. Олар қонақтарды жақсы көреді. Кітапханашылар Кенжегалиева Б.К. және Мухутдинова Н.К. шараны көңілді тақпақ-құттықтаулармен ашты. Барлығымыз бірге «Маленькой ёлочке холодно зимой» әнін орындадық. Содан кейін жүргізушілер Жаңа жылдың дәстүрлері туралы және басқа елдерде Жаңа жылды қалай қарсы алатындығы туралы айтты.

Шараның екінші бөлігіне балалар белсене қатысты. Олар жаңа жылдық жұмбақтар шешті. «Аяз Ата» ойынында  балалар алақандарын соғып, барлығы бірдей жауап берді. Балалар үшін ең қызықты көңілді, қимыл ойындары болды. «Қар» ойынында «қарды» себетке қалай дәл лақтыра алады екенін көрсетті, «Нысанаға ату» ойынында мергендіктерін көрсетті, «Қол шапалақта- тебін» ойынында шапшаңдықтарын көрсетті, «Шарды шиыршықта» ойынында қағазды «қар шарына» қалай епті шиыршықтап алады екенін көрсетті.  Осы ойындар балаларды сергітіп, көңілдерін көтерді. Көңілді әуеннің аясында жүргізушілер қатысушыларға өте ұнап қалған «Хлоп-хлоп» атты бой жазатын- бойды еркін ұстау жаттығуларды өткізді. Балалар назарына безендірілген «Қысқы ертегі» атты кітап көрмесіне кітапханашы Н.К.Мухитдинова шолу жүргізді. Балалар «Снежная королева», «По-щучьему веленью», «Снегурочка» т.б. ертегілерді естеріне түсірді. Шараның аяғында барлығымыз би билеп, естелік ретінде суретке түстік. Ал Жаңа Жыл сыйлықсыз бола ма екен?! Кітапханашылар балаларға дендеріне саулық, қуаныш, бейбітшілік тілеп, тәттілер берді, кітаптар сыйлады. 16 бала қатысты. 

Комментарии запрещены.