«Қазақ киносының саңлағы» өнер сағаты
15 ақпанда № 21 ЖОББМ 7 «А» сыныптың оқушыларына актер, режиссер, КСРО және ҚазКСР халық артисі, кинорежиссер Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 105 жылдығына орай «Қазақ киносының саңлағы» өнер сағаты өткізілді. Мақсаты: кино және театр актері, кинорежиссер Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
№ 3 балалар кітапханасының кітапханашы-жүргізуші Динара Амангельдиновна Калиева балаларға Шәкен Аймановтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнады. Шәкен Айманов есімі бәрінен бұрын қазақ киносы тарихында тұңғыш рет ұлттық киноны түсірген адам ретінде және оны барынша биікке көтерген талант ретінде ел жадында мәңгілік сақталған.Шәкен туралы слайд-презентациялар мен аудиожазбалар көрсетілді. Ары қарай балалар Шәкен Аймановтың 105 жылдығына орай «Қазақ киносының кемеңгері» виртуалды көрмесін тамашалады. Шара соңында «Шәкен ағаның жолы» кітап көрмесіне шолу жасалды.Қатысқандар саны: 20 адам.