Балалар кітапханасы №8

Құрылған жылы: 1982 жылдың 26 шілдесі

Байланыс телефоны: 68-69-29

Құрылымы: абонемент, оқу залы
Посмотреть на карте Павлодара


Кітапхана тарихы:

Кітапхана ашылған күннен бастап және оның қызметкерлері әрдайым әріптестер арасында сол сияқты шағын аудан тұрғындары арасында да құрметке бөлінген. Ұзақ жылдар кітапхананы басқарған меңгерушілер Г.С.Николаева, Б.Ж.Утегенова, А.Я.Маслий; кітапханашылар В.С.Бещева, С.И.Власова, олар бір-біріне өз тәжірибелерін беріп, кітапханалық дәстүр мен өз идеяларын іске асыра алды. А.Я.Маслийнің басқарған кезінде, яғни 2000 жылы «Украина, моя Украина» клубының тұсаукесері өтті. Клуб мақсаты украин мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау болып табылды. Кітапханада әрбір оқырманның украин тұрмыстық заттарымен, ер және әйел адам киімдерімен танысып көруге мүмкіндік беретін арнайы бөлме жабдықталған. Кітапханада Т.Г.Шевченко ат. украин мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған көптеген шаралар өтті ( төрағасы М.С.Парипса).

Мәселен, Т.Шевченконың мерейтойына орайластырылған көркемсөз оқушылардың байқауы – БАҚ жарияланған – қала оқырмандарын кітапханаға тартты. Кітапхана мейманы ретінде суретшілер Замобовский, М. Ткач, М. Гапон келді.

2008 жылдан кітапхананы Б.К.Әбілшайықова басқарады. «Қазақстан – менің Отаным» мақсатты бағдарламасы аясында кітапханада мынадай түрлі шаралар өтеді: Наурыз мейрамына «Бесік тойы» театрландырылған көрсетілімі, БАлалар кітабының апталығына «Әрқашан кітап болсын!» мерекелік бағдарламасы, Тың игерудің 55 жылдығына М.А. Бахтияров, К.Абдраисов, М. Ширяев ардагерлермен кездесу кеші, Ұлы Отан соғысының ардагері Н.А.Давальченкомен кездесу және басқалары.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Қазақстан – менің Отаны» мақсатты кешенді бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

Мақсаты: рухани мәдениеттің үздік үлгілерімен өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Міндеттері: қазақ халқының мәдениеті, салты мен дәстүрлерімен танысу, қазақ тілін тереңірек оқып үйренуге қызығушылықты ояту.

Серіктестері: № 10, 14, 19, 29, 36 ОМ педагогтары, № 2 интернат-мектебі.

Комментарии запрещены.