Желтоқсанның 12-сі күні №8 көпшілік кітапханасының қызметкерлері №1 ЖББ мектебінің 8 «Ә» сынып оқушыларына «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты ақпарат күнін өткізді. Алдымен бейнеролик көрсетілді. №8 көпшілік кітапханасының меңгерушісі Қ.М.Дуйсембекова «Тәуелсіздік елімнің жүрегі» атты викторина өткізіп, кітапханашы А.Е.Аликенова тәуелсіздік құрылуының тарихын әңгімеледі. Балалар Қазақстан еліміздің тәуелсіздікке жету жолындағы тарих беттерінен бейне көрініс арқылы мәлімет алып, сұрақ-жауап ойынына таласып жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді.Сұрақтарға дұрыс, дәл және ең көп жауап бергендер Гилазов Ильфат, Жүніс Нурия болды. «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 30 адам қатысты.