«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыптық сағаты

2018 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Павлодар филиалында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыптық сағаты өтті.

Әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары майор Шәмшіев Ғабдулманап Балташұлы П.Васильев атындағы қалалық орталық  кітапхананың  қызмет көрсету бөлімінің кітапханашыларымен әскердегі сарбаздармен  кездесуін ұйымдастырды.

Кітапханашы Мазуренко Махаббат сарбаздарға Елбасының өмірбаяны, еліміздің жетістіктері мен мақсаттары туралы айтып берді. «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян.» кітабынан кітап тіркемесі де көрсетілді.  Кітапханашы Сламбекова Бибігүл Әшкенқызының дайындаған «Мемлекет басшысы» бейнефильмін де тамашалады.

Солдаттар арасында кішігірім блиц-сауалнама жүргізілді,  Елбасымыз   және еліміздің маңызды күндері туралы сұрақтар қойылды.

Іс-шараның соңында кітапханашы Займолда Роза «Егемен Елінің Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады, мұнда сарбаздарға Н.Назарбаевтың өмірбаяны туралы кітаптар көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың  тарихи  публицистік  жанрында жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына ерекше назар аударды , ол еліміздің қазіргі заман тарихы мен оның болашағы туралы автордың көзқарасын көрсетеді. Негізгі назар тәуелсіздіктің 26 жылында ішкі логикасын көрсете отырып, егемен мемлекеттің құрылуынан бері тән кезеңдеріне негізделген.

 

Қатысқандар: 30 адам

Жауапты: Займолда Р., Мазуренко М.

Комментарии запрещены.