23 қазан күні Орталық балалар кітапханасының ұжымы № 1 ЖОББМ 4-сынып оқушыларымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты фольклор сағатын өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, ойлау қабілетін дамыту. Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой-ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Жүргізуші-кітапханашы Жанар Пазыловна Дүйсенбаева шара барасында балаларға қазақ халық ауыз әдебиеті түрлерінің бірі — мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жайлы айтып өтті.
Шара барысында оқушылар «Сұңқар» мен «Тұлпар» тобына бөлініп,мақал-мәтелдер мен жұмбақтар шешу сайысында жарысқа түсті. Саяхат бес станция аялдамасынан құралды. Бірінші аялдама «Кім жүйрік» деп аталды. Онда балалар 1 минут ішінде мақал-мәтелдер жарысына түсті, «Ұйқасын, тап!» аялдамасында берілген тапсырма мақалдарды жалғастыру болды, «Мақал-сөздің мәйегі» үшінші аялдамасының берілген тақырыпта мақал құрастыр тапсырмасын балалар жаксы орындап шықты. Ойынның төртінші «Тапқыр болсаң, шешіп көр» аялдамасы жұмбақтар (кім көп біледі) біліктілігіне арналды. «Білгенге маржан» атты бесінші аялдамасында 2 топ та мақал-мәтелдер мен жұмбақтар сайысына қатысты. Аялдаманың соңғы және шешуші ойыны «Намыс-дода» деп аталды. Онда топ басшылары жарысқа түсіп, жеңімпаз топ анықталды. Барлық ойыншылар белсенділік танытып, ойынға қызыға қатысты. Бұл ойында оқушылар мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды оқығандары мен жаттағандарын, ойға түйгендері мен бойға жиғандарын және де өздерінің біліктілігін көрсетті. Мұғалімдер өз алғыстарын білдіріп, жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен қатар, «Мақал-сөздің мәйегі» ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 32 оқушы қатысты.