№ 21 ЖОББ мектебінде 18 қазан күні жерлесіміз,ақын, композитор Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына орай «Жүректен шыққан өлең жолдары» 6 «б» сынып оқушыларына музыка сағаты өткізілді. Мақсаты: ақын, композитор Естай Беркімбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Музыка сағатын № 3 балалар кітапханасының жүргізуші-кітапханашысы Динара Амангелдіқызы Калиева балаларды ақын, композитордың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.
Оның «Жай қоңыр», «Наз қоңыр», «Майда қоңыр», «Хорлан», «Сандуғаш», «Гүлнәр» атты музыкалық туындыларын оқушылар көркемділігімен, саздылығымен дараланатын қазақ музыкасын ынтамен тыңдады. Классикалық «Хорлан» әні Естайдың есімін аңызға айналдырды.Оқушылар ақын –композитор жайлы қойылған сұрақтарға жауап берді.Шара соңында «Туған жер Естайды ұмытпапты» кітап көрмесіне шолу жасалды. Қатысқандар 21 адам.