21 қазан күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 19 мектептің 6 сынып оқушыларына жазушы, ақын, драматург Аманжол Шамкеновтың туғанына 95 жыл толуына орай «Туған жерін сүйген ақын» атты әдеби сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы А. Шамкеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. «Бойымда отың кетті ұшқын атқан», Аманжол Шамкеновтың туғанына 90 жыл толуына арналған буктрейлер көрсетілді. Балалар ақынның өлеңдерін, аудармаларын оқып, Шамкеновтың сөзіне жазылған «Ұстазым менің, ұстазым» әнін караоке орындады. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Аманжол Шамкенов. Қалдырған ізің мәңгілік» бейнебаяны көрсетілді. Қамту — 30 адам.