Ленин кеңтінің кітапханасында 08.09 сағ. 12.00 «Жас жүргіншінің әліпбиі» ойын бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды жауапкершілікке, жол ережесін орындауға, шағын ауылымыздағы жол белгілерін есте сақтау, жол белгілерін үйреніп, оның түрін ажырата білуге, білгендерін пайдалануды тұрақты дағдыға айналдыруға үйрету, үлкенді сыйлау, жол беру, кішіге үлгі болуға тәрбиелеу.
Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, жолға шығып кететіні салдарынан бұзылады.
Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Біздің ауылымызда бәріне ортақ бірдей көше қатынас жол ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушыларда, үлкендер де, барлық жүргізушілер бұлжытпай орындауы керек. Кітапханашылар «Знатоки», «Художник», «Эрудит», «Знайка», «Азбука улиц и дорог», «Автозадачка» атты викториналар өткізді. Кітапханашы Асылханова Б.И. «Жас жүргіншінің әліпбиі»/«Школа юного пешехода» кітап көрмесіне шолу жасады. Шара аясында оқушыларды жауапкершілікке, жол ережесін орындауға қорытынды берілді, жол жүру ережесі туралы мультфильм көрсетілді. Қатысты 15 адам.