«Ана тілім — менің досым» әдеби сағаты

2018 жылдың 5 қыркүйегінде № 4 балалар кітапханасының оқу залында № 43 орта мектебінің 3 сынып оқушылары үшін Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған «Ана тілім — менің досым» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: ана тіліне және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру, тіл білімін кеңейту.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен ашылды. Жүргізуші Кенжегалиева Б.К. қатысушыларды  Қазақстан халқы тілдерінің күнімен құттықтады.  Ол балаларға қысқаша Қазақстан халқының тілдер күнін мерекелеу және әр халық үшін ана тілінің маңызы туралы айтып берді. Қазақстан Республикасы Президентінің 20.01.98 ж. Қаулысымен елімізде жыл сайын Қазақстан халқы тілдері күні атап өтіледі.  Бұл барлық адамдар үшін ортақ мереке. Біздің көп ұлтты елімізде 130 ұлт бар. Олардың әрқайсысында өзіндік бірегей мәдениеті, дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бар және олардың әрқайсысында өздерінің ана тілі бар. Балалар «Достық тілі» өлеңін тыңдады. Иә, тіл — достықтың құралы болып табылады. Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасайды және өз ойлары мен қалауларын жеткізеді. Адамның сөйлей білуі қандай жақсы. Президент Н.Назарбаев бірнеше тілдерді білуді қолдайды. Тіл — халықтың тарихы болып табылады. Қазақ және орыс тілдерімен бірге, басқа да тілдер дамып келеді. Біздің елімізде өз тілін, мәдениетін зерттейтін этностық және мәдени орталықтар жұмыс істейді және әртүрлі халықтар мәдениетімен танысады. Біз бәріміз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз.

Балалар «Мақалды жалғастыр», «Сауаттылар», «Суретте», «Емле», «Үздік аудармашы» сияқты жарыстар мен ойындарға, «Туған жер» викторинасына белсене қатысты. Іс-шараға «Тілге құрмет — халыққа құрмет» кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде кітаптар ұсынылды. Қатысқандар 26 оқушы.

 

Комментарии запрещены.