24 тамыз күні Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Қолөнер — ұлттық құндылығымыз» шеберлік сынып өтті. Аталмыш шараға «Әжелер мектебінің», «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері, сонымен қатар кітапханаға келушілер қатысты. «Әжелер мектебінің» мүшелері қол өнер туралы әңгімелеп, жіпті ұршықпен иіруді үйретіп, құрақ көрпеге ою-өрнектерін салуын, тігін машинамен қалай колданатының көрсетіп, ұлттық әшекейлердің жасалуын баяндап берді.