Астанаға мерекелік саяхат

21 маусымда №10 көпшілік кітапхана Астананың 20 жылдығына арналған он-лайн режіміндегі мерекелік саяхат өткізді. Оған №17 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балалар қатысты. Оны кітапханашылар Таслима Темиртасовна Магмурова мен Наталья Ивановна Пихлик басқарды.

Алдымен белгілі әнші Серік Мұсалимовтың «Здравствуй, столица!» әні орындалып, оған бәрі қосылды. Әлемге әйгілі ару қала – Астанаға саяхатқа шықпастан бұрын «Астана сәулеті» бейнебаяны көрсетілді. Кітапханашылар Астананың әсем нышандарының бірі «Бәйтерекке» байланысты аңызды толық әңгімелеп берді.

Сонымен бірге балалар ару қаланың көрікті жерлері – Ақордамен, «Пирамида» аталатын бейбітшілік пен келісім сарайымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың музейімен танысты. Әсіресе балаларды «Джунгли» аттракционымен бірге «Думан» мәдени-ойын сауық орталығы ерекше қызықтырды. Орасан зор «Хан шатыр» сауда-ойын сауық орталығы да қатты әсер етті.

Бейнесаяхаттың қорытындысы бойынша балалар шағын викторинаның сұрақтарына жауап берді. Ал Астана туралы әдебиеттер олардың білгенін толықтырды. Шараға 42 бала қатысты.

Комментарии запрещены.