28 наурызда №10 көпшілік кітапханасында өткен Швед жазушысы
Астрид Линдгреннің шығармашылығына арналған панораманы кітапхананың
қызметкерлері И.В. Абрамова мен Н.И.Пихлик жүргізді. Ол балалар кітабының апталығына арналды. Қаланың түрлі мектептерінің 2-8 сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен әжелері жиналды. Олардың барлығы — кітапхананың белсенді оқырмандары.
Кітапханашылар балаларды жасыл ормандары мен көгілдір көлдер бар Швецияда
бұдан 111 жыл бұрын өмірге келген жазушының өмірбаянымен таныстырды. Бала кезінен бастап ол Андерсен мен Марк Твеннің кітаптарын құмарта оқып, түрлі ойындарды ойлап тауып, қызықты әңгімелер жазған. Олар кішкентай қызы ауырған кезде айтқан әңгімелері. Көп ұзамай сол әңгімелер жиналып кітап болып шықты. Ал бүгін осында келгендердің біреуі де Пеппи туралы кітапты оқымаған екен. Сондықтан кітапханашылар ол қыз туралы толығырақ тоқталды.
Кітапханашылардың ұйымдастыруымен Пеппидің жұмбақтары шешіліп, «Бөбек және
Карлсон» мультфильмінен үзінділер көрсетіліп, ол туралы әндер тыңдалды. Сонымен
бірге шара барысында викториналар мен қызықты ойындар өткізілді.
Балалар іс-шарадан шведтік әйгілі жазушы әйел Астрид Линдгреннің балалар үшін де, үлкендер үшін де құндылығын ешқашан жоймайтын шығармаларының ғажайып сырларын білді. Шараға 35 адам қатысты.