2021 жыл

2 тоқсан


Коэльо П.

Заһир

«Заһир» — ғұмырнамалық сипаттағы роман. Шығармада Пауло Коэльо өмірге деген өз толғамын, ішкі жан дүние иірімдерін сыр етіп шертеді. Адамзатты игілік іске бастайтын рух бостандығын асқақтата жырлайды. Шығарманың негізгі кейіпкерлерінің бірі – қазақ топырағының перзенті. Автор осы кейіпкері арқылы ұлы даланың сан қатпарлы терең философиясын, оның кеңпейіл халқының жақсылыққа жетелейтін жан байлығын тілге тиек етеді.

 

Сұлтанов Т. И.

Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы

Белгілі шығыстанушы тарихшы, Санкт-Петербург университетінің профессоры Т. И. Сұлтановтың кітабы ұсынылып отыр. Ғалым түркі және парсы деректемелерін талай жыл сарылып зерттеген. Оқырманның өз халқының өткенін ыждағатпен зерделеуіне, көшпенді қазақтардың төлтума мәдениетін ұғынып бағалауына жағдайласу көзделеді.

Григорьева О. Н.

Двадцатый

В сборник стихотворений Ольги Григорьевой «Двадцатый» вошли новые и ранее не публиковавшиеся стихи, а также переводы её стихотворений на английский, итальянский, болгарский и казахский языки. Это двадцатый поэтический сборник автора, лауреата литературных премий им. Марины Цветаевой и Павла Васильева, выходящий в 2020 году, чем и определилось его название.

 

Алаш көсемсөзі: 10 томдық

«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көретін он томдықтың оныншы кітабы 1917-1919 жылдары Семей қаласында жарық көрген «Сарыарқа» газетінің жарияланымдарына арналды. Бұл – «Алашорданың» үні болған, қазақ автономиясы үшін күрескен басылым. Бұл еңбек осы саланың зерттеушілеріне, журналистерге, студенттер мен магистранттарға және көпшілік қауымға арналады.

Ахметова Л. С.

Панфиловцы: наша гордость, наша слава

В книге на основе материалов архивов России, Казахстана и Кыргызстана описаны основные события 1941 г.: формирование 316 стрелковой дивизии и отправка её на фронт из Алма-Аты, начало боевых действий, мужество и героизм бойцов. Рассказано первом составе Панфиловской дивизии. Опубликованы новые материалы о действиях дивизии и об отдельных героях панфиловцев.

Большой атлас животных

«Большой атлас животных» представляет собой научно-популярное издание, рассказывающее о животном мире всех континентов земного шара. Фауна Земли представлена в своей естественной среде обитания – в заповедниках и на охраняемых территориях, где ландшафты, растительный мир и животные максимально защищены от разрушительного влияния цивилизации.

Байболова М., Мищенко М.

Брак – дело хитрое! Выбираем спутницу жизни!

Как выбрать ту единственную, с кем собираешься пройти весь жизненный путь? Вопрос не праздный и о нём размышляют авторы этой книги. Живой и искренний язык брошюры располагает у себе читателей и подводит к рассуждениям о том, какие важные моменты есть на пути выбора спутницы жизни. А также даёт рекомендации и дружеские советы, как найти свою девушку и стать с ней одной командой. Книга будет полезна прежде всего юношам, которые хотят создать семейный союз, а также всем тем, кому интересны вопросы брака и семьи в целом.

Байболова М.

Брак – дело хитрое! Выбираем спутника жизни!

В брошюре автор предлагает поразмышлять над вопросом выбора спутника жизни. Делится с читателями советами и рекомендациями, которые помогут построить семейный союз, избежать распространённых ошибок и пронести свою любовь через всю жизнь. Издание предназначено прежде всего молодым девушкам, которые хотели бы найти свою половину и создать крепкую семью, а также всем тем, кому интересны вопросы брака и семьи в целом.

Таулар

Халқымызда «Ізденген – жетер мұратқа» деген дана сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде балалар түсіне бермейтін жәйттер көп-ақ. Осы орайда, балаларға бағыт-бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің көмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге деген құштарлығын қанағаттардың үшін «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отырмыз.

Золотов А. В.

Детская морская энциклопедия

В статьях «Детской морской энциклопедии» читатель найдёт самые современные сведения о различных кораблях навигационных приборах, истории кораблестроения, обо всём, что связано с освоением морских просторов человеком. Текст книги дополняют отрывки из литературных произведений отечественных и зарубежных писателей-маринистов.

Әпсаналар

Кітап жас оқырманды түрлі халықтардың әпсаналармен таныстырады. Ежелгі Египет, көне Грекия, орта ғасырлық шығыс Еуропа елдерінің аңызға айналған тарихынан сыр шертіледі. Ежелгі құдайлар, әруақтар мен ертегі кейіпкерлері жалмауыз кемпір мен Одиссей, Геракл жайындағы аңыздар қызықты баяндалады.

Жұлдызы жарқыраған Жетісу

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көркем суретті басылым. Алматы облысы Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясының қызметі туралы кітап. Кітап жалпы жұртшылыққа арналған.

Клепикова Е., Земскова К.

Карантинные человечки

Семья из четырёх человек: мама, папа и дети – брат и сестра – переживают карантин в обычной городской квартире. Дети находят шкатулку со старинным зеркалом, которое помогает им попадать в иные времена и пространства. С этого момента карантин для семьи превращается в увлекательное приключение.

Қайдауылқызы Ғ. Киелі кимешек

Кимешек – қазақ әйелдерінің киелі баскиімі. Бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, бетжүздігі, талғамы, дәрежесі, мәртебесі. Салтанат сәнімен әйелдеріміздің бетіне әр беріп келген кимешек те басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болу, даму, құлдырау, қайта өрлеу дәуірлерін басынан өткізді. «Киелі кимешек» фотоальбомы арқылы ескі мен жаңаны үндестіріп, заманымен үйлестіріп, жаһандану дәуіріндегі қазақ әйелдерін өзіне тән тарихи көркем бейнесімен қайтадан көзайым етуге ұмтылдық. Бұл еңбек – жасампаз жәдігерлеріміздің көркейте түсуге жасалған жарқын қадам, әдепті әрекет.

Қазақстан табиғаты

Фотоальбомда Қазақстанның жабайы табиғаты көрініс тапқан. Мұнда республикамыздың солтүстігінен оңтүстігіне, шығысынан батысына дейінгі барлық өңір қамтылған. Оқырман көркем ландшафттармен, сирек кездесетін жануарлармен және өсімдіктермен танысады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және олардағы фауна мен флораның биологиялық алуан түрлілігін, табиғат ескерткіштері мен қорықтарды сақтауға ерекше мән берілген.

Қорабай С.

Қазақтың сал-серілері

Жинақта қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы – сал-серілік өнердің қыр-сыры туралы ғұлама ғалым, академик Ә. Марғұланның, көрнекті фольклортанушы-ғалым Е. Ысмайыловтың және басқа ғалымдардың зерттеулері мен пікірлері, ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық қасиеттерімен дараланған, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі әнші, күйші, ақын, өнерпаз, балуан әрі шешен болған атақты Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Шашубай және т. б. көптеген сахара сал-серілерінің сегіз қырлы, бір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген.

Қани А.

Туған жер төсінде

Белгілі ақын, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медлының иегері Арман Қанидың «Туған жер төсінде» атты жыр жинағына әр жылдары жазған табиғат және азаматтық лирикалары енді. Өлеңдер мән-мағынасына қарай «Туған жер төсінде», «Баянауыл жырлары», «Тәуелсіздігім – Тәңірім» атты үш бөлімге топтастырылған.

Ләмбекұлы С.

Қарқаралы

Азаттық айқасында жылдап емес, ғасырлап қилы күй кешкен қазақ даласының тағдырлы тарихы тәуелсіздік алғалы ғана ақиқатын аша бастады. Шежіре шерткен сыр құлақ құрышын қандырғандай екен. Осындай шежірелі өлкенің
бірі – Сарыарқаның алтын алқасындай Қарқаралы. Қарқаралыда туып, Қарқаралының өткеніне үздіге зер салып өткен қаламгер Сапарғали Ләмбекұлы сол мол шежірені тереңдей тарқатуға тырысыпты және сол үдеден шыққандай.

Майер С.

Затмение

Третья книга знаменитой вампирской саги, изданной миллионными тиражами и возглавившей списки бестселлеров десяти стран. Истинная любовь не страшится опасности… Белла Свон готова стать подругой своего возлюбленного Эдварда навеки, ведь именно вечность длится жизнь вампира. Но тогда ей придётся предать лучшего друга – вервольфа Джейка и тем самым, возможно, заново разжечь древнюю вражду между «ночными охотниками» и их исконными врагами – оборотнями…

Көпейұлы М. Ж. Шығармалары Т. 1

Кітапта Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының бұрын басылған таңдамалысына енбеген тың материалдары ақынның өлеңдері, рауаяттары, дастандары топтастырылған. Еуропалық ақындарға қарағанда, Шығыс шайырларының бір таразымен, қатардағы адамның көру, есту, сезу т. б. мүмкіндіктерімен шектелмей, көп өлшемге иек артатынын т. б. ескерсек, кітап әлем әдебиетін өзіндік суреттеу амал-төсілдерімен толықтыруымен ерекшеленеді. Кітап-қазақ әдебиетін әлем әдебиеті дамуымен сабақтастықта зерттеп жүрген мамандар, қазақ әдебиетін неғұрлым кеңірек сараптауды мақсат еткен әдебиетшілер, педагогика т. б. ғылым саласы мамандары үшін баға жетпес бай материал көзі.

Мой старый патефон

Қазақстан мен шет елдерде танымал коллекционер-музыкант, филолог Наум Григорьевич Шафер алпыс жылдан астам уақыт патефон және винил күйтабақтарын жинаумен әуестеніп келеді. Оның теңдесі жоқ жеке коллекциясында 27 мың патефон және винил күйтабақтары жинақталған. Коллекцияның негізін әлемнің атақты музыканттарының ең үздік туындылары, теңдесі жоқ орындаушылардың дауыстары жазылған күйтабақ құрайды. Жаңа «Мой старый патефон» атты әнжинақ «Шафер мұражай-үйінің» бай фонотекасында сақталған музыка шығармалары негізінде жарық көріп отыр.

Байболова М.

Секреты хороших родителей

Вопросы воспитания являются одними из самых важных для каждого человека, у которого есть дети. В этом пособии автор постарался раскрыть и осветить такие стороны воспитания, как осознанность, семейная культура, семейные ценности. Внимание именно к этим элементам родительства, по мнению автора, поможет укрепить семейные связи и вырастить детей успешными и счастливыми людьми. Книга будет интересна и полезна всем, кто воспитывает детей или только собирается это сделать, а также всем, кто неравнодушен к проблемам воспитания и осознанного родительства.

Железняков Б. А.

Таңбалы

Алматы облысының, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан ашық аспан астындағы Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. Ашық аспан астындағы қорық-мұражайындағы ерекше қорғалатын ортаңғы аймақта 5000-ға жуық жартас суреттері кездеседі. Еліміз ғана емес, шетелдерге насихаттау мақсатында альбомға тарихи мұражайдағы көптеген құнды мәліметтер енген.

Устинова Т.

Подруга особого назначения

Больше десяти лет своей жизни Татьяна Устинова посвятила телевидению. Как большинство деловых женщин, ценит семейный уют. В детективах Устиновой всегда есть место романтической истории. Её герои дружат, ненавидят, мечтают, а главное – любят… Они живут полной жизнью на страницах книг.

Макото Ода Хиросима

Макото Ода – выдающийся японский писатель. Его роман «Хиросима» с полным основанием может быть назван эпопеей. Хиросима – это не просто город, а символ, имеющий общечеловеческий смысл. Хиросима незабвенна потому, что касается не только прошлого, но и будущего всего человечества, над которым нависла опасность термоядерной войны.

Шәкен Айманов

Бұл көркемсуретті фотоальбом Қазақтың ұлттық өнерінің айбыны, театр сахнасында классикалық образдарды сомдаған тамаша актёр, дарынды режиссёр, қазақ киносының қалыптасуына, дамуына өлшеусіз үлес қосқан ХХ ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі – Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 90 жылдық мерейтойына орай шығарылып отыр.

Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны

Шығыс Қазақстан өңірі, оның бірегей табиғаты, қайталанбас келбеті, бай мәдени және тарихи ескерткіштері Сіздің қолыңыздағы фотоальбом парақтарында барынша бейнеленген. Олар сіздерге біз мақтаныш ететін, жауһар табиғат сырларын тереңірек түсініп, бағалауға мүмкіндік береді.

1 тоқсан

Баязит С.

Бесценный клад

Новый поэтический сборник Сары Баязит – итог творческих поисков, осознания и обретения себя в окружающем времени и пространстве. В нём отражён внутренний мир Сары Баязит, что она любит, что отвергает, о чём мечтает, в чём сомневается. И вновь её книга сонетов получилась искренней, доброй и тёплой.

Баязит С.

Добро, Любовь провозгласил Творец

В книге поэзии Сары Баязит цельность, чистота стиля, искренность. Сара Баязит дарит ощущение уединённости, изложив своё видение мира в виде мудрого восточного романса. Она пишет, следуя голосу сердца, переживая чувства глубоко и сильно. Поэт вызывает не утрачивать богатство сердечной жизни, хрупкость душевных движений. Вот этому, сердечной точности и впечатлительности, и учит её поэзия, помогая заново настроить инструмент души.

Ананьева Е. Г. Мирнова С. С.

Земля

В книге «Земля. Полная энциклопедия» рассказывается об удивительной планете, на которой мы живём. Читатели познакомятся с особенностями происходящих на ней процессов. Многие рассмотренные темы соответствуют школьной программе по физической географии, а те, которые выходят за её пределы, послужат дополнительным материалом при подготовке к экзаменам.

Зыкина О. В.

Компьютер для детей

«Компьютер для детей» — прекрасное пособие для первого знакомства с этим чудом техники, прочно вошедшим в нашу жизнь. Информационная эпоха, в которую мы живём, требует от детей новых навыков – таких, как способность получать, оценивать и интерпретировать большое количество данных. Без компьютера в таком деле не обойтись. Первые наглядные уроки общения с компьютером разовьют логическое мышление и научат навыкам самостоятельной работы.

Тарасов Е. А.

Самопомощь от А до Я

Иногда получить врачебную помощь по разным причинам бывает невозможно, тогда при возникновении проблем со здоровьем необходимо самому предпринять какие-то меры. Чтобы знать, что нужно делать в каждой конкретной ситуации, и понадобится эта книга. Автор в доступной для любого читателя форме объясняет причины возникновения многих заболеваний, даёт проверенные собственной многолетней практикой рекомендации по их устранению с помощью современных методов официальной медицины, а также на основе народных приёмов лечения. В книге описаны более 100 патологических состояний – от аллергии и ангины до язвы желудка и ячменя.

Хэнкок Г.

Загадки затонувших цивилизаций

Где искать ключ к разгадке тайн Древнего Шумера и мегалитических храмов Мальты, легендарных царств, описанных в эпических поэмах Индии, в преданиях Китая и Северной Европы? Может быть, на дне морском? Ведь очертания морей и океанов не всегда были такими, как сейчас; целые государства и неведомые нам цивилизации сокрыты под водой у берегов Индостана и в Персидском заливе, на шельфе Дальнего Востока и в Северном море.

 

Зайберт В.

Ботай

Кітап біздің заманымызға дейінгі IY мыңжылдықта осынау Ұлы Дала төскейінде ғұмыр кешкен бабаларымыздың-бабаларының өткен өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен сан алуан сыр шертеді. Дала өркениетінің дәл осы Ботай жерінен бастау алғанына көзіңізді жеткізеді. Алғаш рет жылқының осы жерде қолға үйретіліп, осы жерде бие сүтінен қымыз ашытылғанын біліп, мерейіңіз өседі. Виктор Зайберт Ботай мәдениетін 40 жыл бойы талмай зерттеп келеді.

Уникальный мировой археологический объект – энеолитическое поселение Ботай – открыт казахстанским археологом В. Зайбертом. Памятник расположен на берегу степной речки Иман-Бурлук, притока реки Есиль в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области. Археологическое поселение Ботай было включено в общенациональный список сакральных объектов Казахстана. Почти сорок лет, с момента открытия поселения Ботай, бренд «Ботайская культура» утверждался в мировой археологической науке и в истории культуры. Впервые одомашнивание лошади человеком произошло на территории современного Казахстана.

Шаймерденова М.

Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері

Тұлғалар энциклопедиясы оқырмандарды түрлі этностардың өкілдерімен, олардың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырады. Энциклопедияның бірегейлігі – оның құрамында Қазақстанда да, оның шегінен тыс жерлерде де белгілі үш этникалық топ өкілдерінің өмірбаяндық құнды мәліметтерін қамтитындығы. Құжаттамалы деректер «әртүрліліктегі бірлік» қағидасына сәйкес мұрағаттардан, сұхбаттардан, медиа-ресурстардан және XXI ғасырдағы жаңғыртылу үрдістерінің тұрғысынан алынды.

Шаймерденова М. Представители этносов Казахстана в искусстве и культуре

Энциклопедия персоналий знакомит читателей с представителями различных этносов, их вкладом в становление и развитие независимого государства. Издание является продолжением серии различных энциклопедий, трудов, посвящённых выдающимся деятелям Казахстана. Энциклопедия включает ценные биографические сведения представителей трёх поколений этносов, которые известны как в Казахстане, так и далеко за его пределами.

Нұрғиса Тілендиев

Нұрғиса Тілендиев – ХХ ғасыр көгінде қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде аса көрнекті шығармалар қалдырып, ұлттық музыка тасқынын өте биік деңгейде бүкіл әлемдік өнер дариясына молынан апарып қосқан ұлы тұлға. Ол – қазақ топырағындағы ежелгі Қорқыт, Асанқайғы, Дәулеткерей секілді ұлы композиторлар, сазгерлер мен сал-серілердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нургиса Тлендиев – великая личность, оставившая в ХХ веке в национальном музыкальном искусстве казахского народа значительные произведения, внёсшая своим творчеством огромный вклад в мировое признание казахской национальной музыки. Это весьма талантливый человек, который внёс свою лепту в развитие музыкальных традиций великих композиторов, музыкантов разносторонних творческих личностей казахской земли, как представители древности Коркыт, Асанкайгы, Даулеткерей, оставивший своё творчество в качестве вечного и бесценного наследия будущим поколениям.

Қабиқызы С.

Открытый космос Талгата Мусабаева

Книга «Открытый космос Талгата Мусабаева» — это документальное повествование о земной и космической жизни лётчика-космонавта, героя России, Народного Героя Казахстана, первого председателя Национального космического агентства РК Талгата Мусабаева. Хроника сложной, но успешной работы в космосе и выполнения новой миссии на родной земле – создания космической отрасли Республики Казахстан.

Атамекен

Жинақта Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының құрамына енген діни және ғибадат орындары туралы мәліметтер беріледі. Адамға тигізер ізгі әсеріне сеніп, қасиетін сезінген жұртшылықтың назарын аударғанымен, зерттеу жұмыстары жүргізілмей, ғылыми-тарихи танымымызға енбей жатқан киелі орындардың бірқатар қырлары ашылады.

Жолдасбеков М.

Жамбыл Жабаев. Ұлы дала ақыны

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, танымал әдебиетші, түріктанушы ғалым, профессор Мырзатай Жолдасбековтың бұл кітабында ХХ ғасырдың Гомері атанып жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбылдың қайталанбас шығармашылығы мен халқымыздың ұшан-теңіз байлығы – поэзиямыздың кешегі, бүгіні жүріп өткен жолына жан-жақты талдау жасалған.

Нұржеке-ұлы Б. Қазақ батырлары

Ежелден елдің шебін, халықтың қасиетті жерін қорғаған, сол үшін жанын қиған қазақ батырлары ұлттың мақтанышы болған. Оларды біз әлі түгендеп біткеніміз жоқ, өйткені өзгеге ұзақ жыл бөден болған ел тарихын өз заманында толық жазып үлгіре алмайды. Тәуелсіз ел болғалы бері ғана біз бұл қажетті ісін қолға ала бастадық. Жазушының бұл кітәбіне сондай қазақтың батыр жауынгерлерінің ісі арқау болған.

Айбергенова С.

Тоғысқан тағдырлар

Бұл кітап – небәрі 30 жыл өмір сүріп, халқының жадынан мәңгі өшпейтін отты өлеңдер тудырып кеткен біртуар талант, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, ақын Төлеген Айбергеновтың өмірі туралы мемуарлық шығарма. Мұнда ақын Төлеген Айбергеновтің ата-тегі, тағдырлы ғұмырбаяны туралы тың деректер алға тартылады. Құндылығы сол – Төлеген ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттейтін жас ғалымдарға, ақын поэзиясына құштар жаңа буын, жас ұрпаққа айнымас бағдаршам екендігі.

Естеліктегі Алаш

Кітапта Алашорда қайраткерлерінің мемлекетшілдік сана биігіндегі жасампаздық ғұмырларының тарихи тағылымына бойлататын түрлі жанрдағы естеліктерден үзінділер берілген. Қыр перзенттерінің туған жері мен ататегі, отбасы мен ағайын-туысқандары, өскен ортасы мен мұраттас серіктері, рухани және ғылыми айналасы, қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудегі тар жол, тайғақ кешулі саяси-қоғамдық қызметтерінің белесті кезеңдеріне қатысты құнды деректер қамтылған

Ораз Н.

Қыз мұнарасы

Белгілі жазушы Нұрғали Ораздың «Қыз мұнарасы» атты бұл кітабына соңғы жылдары жазған хикаят, эссе, этюдтері жинақталды. Қаламгер өзі жүздескен, сырласқан тағдыры қызық жандардың өмірге деген көзқарасын, мінез-құлқын әр түрлі қырынан аша отырып, бүгінгі қоғамның кескін-келбетін айқын бейнелейді.

Сәрсек Ж.

Баянауыл басында балалы құр…

Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып, сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын. Сол сапарда Павлодар өңірі туралы жазылған шығармалар осы кітапқа топтастырылды.


Шиллер Ф. Жарық мен жылу

Әлем әдебиеті классиктерінің бірі, неміс ақыны, философ, көркемөнер теоретигі және драматург, тарих профессоры және әскери дәрігер, романтизмнің көрнекті өкілі Фридрих Шиллердің бұл аударма кітабына таңдаулы өлеңдері мен балладалары жинақталған.

Шәмшіден шыққан шарболат

Бұл кітапта Павлодар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған ұлтжанды азамат, Кереку-Баян өңірінің руханиятының дамуына елеулі еңбек сіңірген, туған жерін түлетуге күш-қуатын сарп еткен Ардақ Тәттімбекұлының өз шығармалары мен ол жайлы естеліктер, арнау өлеңдер топтастырылған.

Ұлтымның құрсағы алтын құт анасы

«Ой қозғайтын ақылдың жері, сөз қозғайтын ақынның жері – Баянауыл өңірін» жырға қоспаған, бұл алқаптың терең тарихы мен тұмса табиғатынан шабыттанбаған қалам иесі кемде-кем. Кейінгі он жыл ішінде Ертіс-Баян өңірінің және еліміздің өзге өңірлерінің қауырсын қалам шеберлері Баянауыл жайлы сан мәрте қалам тербеп, жүрекжарды жырларын дүниеге әкелді. Араға он жылдан астам уақыт салып, оқырманға жол тартқан бұл жинақта одан берідегі уақытта жазылған жырлар топтастырылды. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Мұқашева Қ.

Сиқырлы Қазан Тұз бен Қанттың құпиясын ашады

Бүгінгі өскелең ұрпақ – Қазақстанның ертеңгі болашағы. Болашақта денсаулығың мықты және өмірде табысты болуың үшін дұрыс тамақтанудың маңызды екендігін қазірден бастап түсінуің қажет. Біздің кейіпкерлеріміз – Әділ, Дана, Сиқырлы Қазан және оның достарымен кезекті тартымды саяхатқа шақырамыз. Қант пен тұз туралы көптеген қызықты, тіпті, күтпеген жайттарды, оларды шамасынан артық тұтынудың денсаулыққа несімен қауіпті екендігі және басқа да көптеген мәліметтер туралы білетін боласың.

Салықбай Ә.

Ілияс мінген Қарагер

Жинаққа Әбділдабек Салықбайдың балалар мен жасөспірімдерге арналған бір топ шығармасы енген. Олардың арасында жазушының 2016 жылы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас Жүлдесін жеңіп алған «Ілияс мінген Қарагер» әңгімесі мен «Ақтық айқас» хикаяты да бар. Әңгімесінің бас кейіпкері – кейіннен қазақтың дүлділ ақыны атанған Ілияс Жансүгіров. Бала Ілияс Мұқаншы өңірінде өткен атақты Сүлеймен бидің асында 60 шақырымдық аламан бәйгеге шауып, Қарагердей жүйріктің бағын ашады, қазақтың барлық жақсы мен жайсаңдарын, ақын, әнші, балуандарын көріп, зор тағлым-өнеге алады.

Перес-Реверте А.

Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын

Артуро Перес-Ревертенің соңғы романы «Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» — кең тынысты, шытырман оқиғалы, философиялық терең таным-толғаныспен жазылған, қазіргі классикалық туындылар деңгейіне көтерілген роман.
Романда испан қоғамы құрылымының өзін өзгертуге қатысты саяси бүліншіліктен бастап, нәзік махаббат сезіміне дейінгі қарулы қақтығыстардың, адами рухани құбылыстардың кенеттен өзгеріп отыруы оқырманын бір селт еткізсе, ол өзгерістердің ақиқат өмірдің шынайы бейнесіндей кең өрісте, бірақ шашырамай, тұтастықта көркем суреттелуі тағы да ерекше сүйсінтеді.

На острие мировой политики
Работа в Совете Безопасности ООН многими в мире воспринимается как одна из вершин дипломатического искусства. Особенно в условиях растущей геополитической и геоэкономической напряжённости. Издание является отражением и вместе с тем сборником самых ярких, запоминающихся и важных событий, связанных с работой Казахстана в СБ ООН в 2017-2018 гг.

 

Мәлікова С.

«Тың эпопеясы» тарих таразысында

Автор Қазақстанның солтүстік аймағында 1954-1964 жылдары «Тың және тыңайған жерлерді игеру» деген мемлекеттік бағдарламамен жүргізілген аграрлық реформаның тарихындағы көлеңкелі тұстарды ашып, КСРО жоғарғы билігі тарапынан қабылданған шараларға жаңа көзқарас тұрғысынан баға береді. Тарихта «Тың эпопеясы» деген атпен қалған ұлы науқанның салдарларын талдайды, нақты деректер негізінде оның зардаптарын жүйелеп көрсетеді.

Қайым Қ.

Көпір астындағы үй

Жазушы Қанат Қайымның әңгіме, хикаяттарында кейіпкерлердің алуан түрлі мінез-құлықтарды шұрайлы тіл, шұғылалы сезіммен өрнектеледі. Кітапта қиын тағдырлы балалардың тіршілік-тыныстары, арман-тілектері мен ерекше ой-саналарын саралайтын шығармалар топтастырылған. Отанды, елді, табиғатты сүюге, достық, бірлік, өзара сыйластыққа тәрбиелейді.

Кристи А.

Жеті Циферблаттар құпиясы

Бұл детектив романда жиырмасыншы ғасырдың бір топ «алтын жастарының» тыныс-тіршілігі суреттеледі. Ішкі істер министрлігінде қызмет жасайтын бір топ жігіттер демалыстарын бірге өткізеді. Түске шейін ұйқыдан бас көтермейтін жас жігітті ерте тұрғызу үшін олар ойын ойнамақшы болып, сол ойыннан от шығып, мистер Уэйд атты жас жігіт қайтыс болады. Оның ізін досы Ронни құшып, жұмбақ өліммен көз жұмады. Ронни қолында қайтыс болған леди Бандл оның соңғы демі таусылар алдындағы «Жеті Циферблат», «Джимми Тесайгер» деген сөздерін көкірегіне түйіп алып, осы жұмбақ өлімнің сырын шешуге белсене араласады. Қылмысты істерді ашумен айналысатын бас тергеушінің қабылдауында болып, өзі естіген «Жеті Циферблат» деген сөздің мағынасын білгісі келеді. Ақыры оның түнгі клубтардың бірінде жұмыс жасайтын жасырын қоғам екендігін біліп, оның құпиясын ашуға белсене кіріседі.

Камелов Д.

Хайретдин Болганбаев – свет неугасимой звезды

Монография посвящена одному из лидеров Алашского движения и партии «Алаш», яркому и талантливому государственному и общественному деятелю, активно участвовавшему в создании Туркестанской автономии и воссоединении казахских земель, публицисту и просветителю Хайретдину Абдрахмановичу Болганбаеву. На его долю выпали муки и гонения, он дважды подвергался арестам и провёл в лагерях ГУЛАГа в общей сложности шесть лет, но достойно вынес все испытания, сохранив жизненную стойкость, душевный свет и человеческое благородство

Жұмабайұлы Б.

Қазақ балаларының байырғы ойындары

Ежелден сайын далада ерлік пен өрлікті рухына азық етіп келген қазақ халқы өз ұрпақтарының дені сау, парасатты, асқақ ойлы болып өсіп, жетілуі үшін тұрмыстан ойып алған ойын  түрлерін қалыптастырды. Өзіндік ерекшелікке ие, ұлттық бояуы айқын «Қазақ балаларының баырғы ойындары» кітабы қашан да өз құндылығын жоймай, дені сау азамат етіп тәрбиелеуде құнды құралы болмақ.

Асилов Н. Т. История современных войн

В книге освещаются наиболее значимые войны и сражения второй половины ХХ-начала ХХI века, а также развитие вооружённых сил и способов ведения боевых действий и вооружённых конфликтов. Издание предназначено для широкого круга читателей, интересующихся военной историей, а также для учащихся военных учебных заведений, офицеров воспитательных структур армии

[collapse]

Комментарии запрещены.