ОКЖ тарихы

Затон клубында Павел Васильевтің атымен аталған көшеде 1978 жылы Куйбышев (қазіргі Торайғыров) № 44/1 көшесіндегі бірінші 12 қабатты үйдің бірінші қабатында болып тұрғанға дейін өз мекенжайларын өзгерткен бірінші қалалық кітапхана дүниеге келді. Үш жылдан кейін оған ақын Павел Васильевтің есімі берілді. Қазіргі таңда бұл ірі қалалық кітапханалардың бірі – ОКЖ жүйесіндегі орталық қалалық кітапхана. Қазір оның қорында 100 мыңға жуық кітап бар. Оның аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Кітапханада 40-тан астам адам жұмыс істейді.

В 1978 жылы 14 көпшілік және 7 балалар кітапханасы біртұтас орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне біріктірілді. Аталмыш мекеме құрылған кезде кітапханалық қызметкерлер штаты 71 адамды құрады, олардың 11-і жоғары кітапханалық білімі бар мамандар болса, 44-і арнайы кәсіптік білімді мамандар еді.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесін басқару №6 балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарған Суворова Валентина Фёдоровнаға жүктелді. 1978 жылдан бастап Орталық қалалық кітапханасы Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік және үйлестіруші орталығына айналды. Кітапхананың мамандандырылған бөлімдері ұйымдастырылды: Әдістемелік бөлім (бірінші меңгерушісі – В.А. Иванина),

Толымдау бөлімі (бірінші меңгерушісі – Э.Ф.Бодяко), Библиографиялық бөлім (бірінші меңгерушісі – Н.А. Колодина), Біртұтас қорды пайдалану бөлімі (бірінші меңгерушісі – Л.П. Басистова), Қала оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі (бірінші меңгерушісі – Н.Гончарова). Орталық балалар кітапханасын бір уақытта балалар жұмыс жөн. директор орынбасары қызметін қатар атқарған Е.И. Гришина басқарды.

Аталмыш кәсіби мамандар білімі мен жігерінің арқасында қазіргі жүйенің әрбір бөлімі орындап отырған жұмыс негізі қаланды. 1985 жыл мен 2005 жыл аралығында ОКЖ-ні В.А. Иванина басқарды.

1978 жылдан бастап 1988 жыл кезеңі аралығында ОКЖ кітап қоры 125 336 дана әдебиетпен ұлғайды, жаңадан 8 кітапхана құрылды, кітапханалық қызметкерлер штаты 20 адамға көбейді.

1979 жылы – А.Гайдар ат. орталық балалар кітапханасы Бектұров көш. 115 мекенжайы бойынша жаңа ғимаратқа көшті.

1981 жылы – Орталық қалалық кітапханасына орыс ақыны Павел Васильев есімі берілді.

1987 жылы — № 12 көпшілік кітапханасы Ұлттық кітаптар кітапханасы атауымен аталатын болды.

1990 жылы – Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі еңбекақы төлеу бойынша ІІ категорияға көшті.

1991 жылдың 20 желтоқсанында ОКЖ-де № 17 көпшілік кітапханасы ашылды, бұл кітапхана бүгінгі күні қазақ әдебиеті кітапханасы деген атауымен ерекшеленеді.

1992 жылы – П.Васильев ат. ОҚК өнер жөн. әдебиеттер секторында «Радуга» дәрісханасы өз жұмысын бастады.

1993 жылы – ОКЖ-де 29 кітапхана болды, оның ішінде Ленин кенті, Черноярка мен Павлодарское ауылдарындағы кітапханаларын қоса есептегенде. Олардың 63 мың тұрақты оқырмандары болды. Кітап қоры – 623 000 дана әдебиетті құрады.

1994 жылы – П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасында «Қара, таныс, сатып ал» жастар кітабының аукционы өтті. Мақсаты – Абай Құнанбаев шығармашылығына көңіл аударту.

А.Гайдар ат. ОБК-де кітапхананың құрылғанына 30 жыл толуына арналған ескі достарымен кездесу кеші өтті. Отыз жыл ішінде оқырмандар саны – 111 524 адамды құрады; 2 708 168 дана кітап берілді; кітапханаға — 1 216 730 бала келген.

Наурызда Балалар мен жасөспірімдер кітабы мен музыкасы апталығының мерейлі 50 жылдығы аталып өтті.

1995 жыл – Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісі мен қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 150 жылдығы. Барлық кітапханалық іс-шаралар осы даталарға арналды.

1996 жылы – қазақтың төкпе, жыршы ақыны Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына А.Гайдар ат. ОБК «Туған жер рухы мен тарихы» көрмесін ресімдеді.

1997 жылы – сәуірде П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасында «Қазақстан Жұлдыздары» кітаптар сериясын жариялаушы автор Әл-Халел Қарпықпен кездесу өтті.

А.Гайдар ат. ОБК-де журналист, Жазушылар одағының мүшесі, 10 аса кітап авторы, көптеген очерктер мен әңгімелер, сценарийлер мен деректі фильмдер жазып түсірген С.П. Шевченко қонақта болды. Жазушының 70 жылдығы қарсаңында кітапханашылар оқырмандар назарына оның кітаптары мен мақалаларының көрмесін ұсынды; С.Шевченконың «Зимние каникулы» кітабы бойынша оқырман конференциясын ұйымдастырды.

1999 жылы – П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасының құрылғанына 50 жыл толды. Кітап қоры 93 000 данадан асты. Оқырмандары саны – 7,5 мың адамды құрады. Жылына 130 000 аса дана кітаптар мен мерзімді басылымдар берілді.

2003 жылы – Павлодар облысына 65 жыл. Бұл атаулы күнге орай ОКЖ көптеген іс-шаралар өткізді.

2003 жылдан бастап «Ауыл кітапханасы» облыстық бағдарламасын іске асыру шарасы өз жемісін бере бастады. Қала әкімінің шешімімен Павлодар қ. ОКЖ-ге Ленин кентіндегі № 3 көпшілік, № 5 балалар кітапханасы мен Кенжекөл ау. кітапханасы қайтарылды.

2009 жылдың атаулы оқиғаларының бірі ретінде «Павлодар – кітапхана астанасы» республикалық кітапханалық конференция атап өтуге болады. ОКЖ Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтарды қарсы алу мен экскурсиялар ұйымдастыруда, секциялар жұмысы мен отырыстар өткізуге белсенді қатысты.

2004 жылы – ОКЖ-де 7 компьютер, оның 4-і П.Васильев ат. ОҚК-де, 1-і А.Гайдар ат. ОБК-де, 1-і № 3 көпшілік кітапханада және 1-і № 12 көпшілік кітапханасында.

«РАБИС» кітапханалық бағдарламаның 5 модулі сатып алынды. 19 тамызда аталған бағдарлама П.Васильев ат. орталық қалалық кітапханасында орнатылды. Бұл күнді ОКЖ-де Электронды каталогты құру күні деп атауға болады. ОКЖ екі бөлімі (толымдау мен библиографиялық) осы жылы 1 606 библиографиялық жазбаларды енгізді.

Бұл жыл тағы бір ерекшелігі Қазақстанда Ресей жылының аталып өтуі болды. Осыған орай мынадай іс-шаралар өткізілді: фольклорлық мерекелер, музыкалық кештер, Пушкин оқулары, Славян мәдени орталығы ұжымымен кездесулер. П.Васильев ат. ОҚК омбылық жазушы Виктор Николаевич Васильевтің (жерлес ақынымыз Павел Васильевтің ағасы) «Этап на восьмую» кітабының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесер кешіне кітап авторы В.Н.Васильев, автор биографы Э.М.Павлинцев, Омбы облысы бойынша Мәдениет министрлігінің ақпарат секторының меңгерушісі Т.А.Сибко келді.

2005 жыл – «Ауыл кітапханасы» облыстық бағдарламасының аяқталатын жылы. Осы жылы үш ауылдық кітапхана ашылды. Олар: Мойылды ауылының көпшілік кітапханасы мен Павлодарское ауылының көпшілік және балалар кітапханасы. Барлық кітапханалар кітап қорымен толымдалып, жиһаз, телефон және компьютермен жабдықталды.

2006 жыл – «Ауыл кітапханасы» облыстық бағдарламасын іске асыруды қорытындылау жылы: ауыл оқырмандарына қызмет көрсететін кітапханаларға арналған компьютерлер, жиһаздар, әдебиеттер, көшіру-көбейту машиналары сатып алынды.

ОКЖ-нің де материалдық-техникалық жағдайы жақсарды. Мыналар сатып алынды: «Газель» автомашинасы, 12 компьютер, 1 ксерокс, 3 принтер, сандық фотоаппарат, кондиционерлер мен факс.

№ 15 көпшілік кітапханасы мен № 8 балалар кітапханасы жөндеуден өтті. Электронды каталогтың библиографиялық жазбалары толықтырылды. Енгізілген жазбалардың жалпы саны: 21 068.

«ҚР заңнамасы» деректер базасы көмегімен пайдаланушылардың 149 сұрайы орындалды.

Толықмәтіндік деректер базасы құрыла бастады, 32 құжат енгізілді.

Осы жылдан бастап ОКЖ-де Библиокараван қолданысқа енді. Ай сайын директормен филиал меңгерушілерінің жұмыс тездемелері түрлі кітапханаларда өтіп тұратын болды.

Осы жылы ОКЖ-де Жас кітапханашы мектебі өз жұмысын бастады: 10 жаңа қызметкерлер сынақ пен практикадан өтті.

Бұл жыл Ресейде Абай және Қазақстанда Пушкин жылы болды. Осыған байланысты біздің кітапханамыздың қабырғасында мынадай: «Менің Абайым мен менің Пушкинім» әдеби-музыкалық кеші П.Васильев ат. ОҚК; «Ұлы Абай – мәңгі өшпес шырақ, таусылмайтын бұлақ» көркемсөз шеберлерінің оқу № 3 ауыл кітапханасында; «Дана нам лира от богов» әдеби-музыкалық кеші № 12 көпшілік кітапханасында; «Әлемнің қос жұлдызы Абай мен Пушкин» әдеби кеші № 17 көпшілік кітапханасында іс-шаралар өтті.

Сондай-ақ бұл жылдың ең атаулы оқиғасы ретінде «Кітапханалар – қоғам дамуының ресурстық және елдің бәсекеге қабілеттілігінің орталығы» атты республикалық семинарға қатысуымызды айтуға болады. Семинарға ақпараттық стенд – ОКЖ кітапханалық өмірінің ең жарқын сәттері бейнеленген фотосуреттер әзірленді.

2007 жыл – ОКЖ қызметкерлерімен ақпараттық технологияларды игерген жыл: ОҚК базасы негізінде «Школе компьютерной грамотности» практикумдарына қатысу; «Электронды каталогте жол шетін толтыру» оқу-әдістемелік курсында оқу; ПМПИ әріптестері тәжірибелерімен танысу «Кітапханалық қызметтегі ақпараттық-компьютерлік технологиялар» маман күніне қатысу; «Балалар кітапханалары және отбасылық оқу» тақырыбы бойынша тәжірибемен алмасу; Өскемен қаласында өткен «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың қазіргі формалары мен әдістері» аймақтық семинарына қатысу.

Біздің әріптестер Астанада Мәдениет министрімен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауын талқылауына қатысу құрметіне ие болды.

№ 17 көпшілік кітапхана меңгерушісі Ә.Ғ. Нұрымбекова «Кітап және Ұлы Жібек жолы» халықаралық конференциясына қатысты.

Қараша айында П.Васильев ат. ОҚК-де студенттер мен қала интеллигенциясы белгілі театр сыншысы, профессор, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері А.Т. Сығаймен кездесу кешін өткізді.

ОКЖ кітапханашылары «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын белсенді қатысты.осы жолы аталмыш акция арқауы болып Абайдың «Қарасөздері» танылды.

Орталық қалалық кітапхананы пайдаланушылары үшін «Юрист» құқықтық бағдарламасы орнатылды. Ол оқырмандардың 105 сұрауына жауап берді.

2008 жыл – елордамыз Астананың 10 жылдығы; Павлодар облысының 70 жылдығы; Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығы; Шәкәрім Құдайбердиевтің 150 жылдығы; «Алаш» қозғалысының 90 жылдығы; М.Әуезовтың Қилы заман« повесі бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы; Құрманғазының 190 жылдығы.

Мемлекеттік тілдегі әдебиеттердің кітапханалар қорына түсу туралы бейнесюжет жазылымы мен көрсетілімі бойынша «Альта — ТВ» компаниясымен келісім шарт жасалды (П.Васильев ат. ОҚК, А.Гайдар ат. ОБК, № 10, 12, 17 КК, № 4 БК, Павлодар ауылы); бұл әдебиеттерді насихаттау туралы кітапхана меңгерушілерімен сұхбат. Барлық бейнесюжеттер «Павлодар-Қазақстан» каналы бойынша көрсетілді және дискілерде жазылған материалдар П.Васильев ат. ОҚК қорына берілді.

2008 жылдың 19 қазанында Павлодар қ. ОКЖ, Павлодар қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Туған өлкемді, жырға қосамын» халық шығармашылығы мен өз күштерімен жасалған өнердің 1 фестивалын өткізуге атсалысты. Фестиваль Павлодар облысының 70 жылдығына арналды және «Шаңырақ» орталығында өтті. П.Васильев ат. ОҚК өз қорларынан фестивалға «Павлодар облысына арналады» кітап-иллюстрациялық көрмесін дайындады. Фестиваль қонақтары – Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыс аудандарының мәдениет мекемелері – мемлекеттік тілде жарияланған соңғы жылдардағы кітаптармен қызығып танысты. Көрмеге Павлодар және Павлодар облысы туралы, біздің жердің атақты және талантты адамдары туралы кітаптар қойылды. Бұдан басқа, фестивалға ӘҚБ меңгерушісі ОКЖ-ге соңғы жылдары түскен әдебиеттер диаграммасымен және жүйе кітапханаларының сәтті іс-шаралары фотосуреттерімен слайд-шоуын дайындады.

29 қазанда Павлодар қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары директоры А.Т.Арынованың рұқсатымен «Космос» Жастар үйінде жиналып, өздерінің кезекті кәсіби мерекелерін атап өтті. Кітапханашы күні «Бүгін біздің мерекеміз» салтанатты рәсімі Павлодар облысының 70 жылдығын меркелеу аясында өтті. Жүргізушілер 2008 жыл жалпы барлық жүйе үшін де, кітапханалық жүйенің көптеген кітапханалары үшін де мерейгер жыл екендігін атады.

Мереке қонақтары – кітапханашыларға, кітапханалық жүйенің ардагер – зейнеткерлерін, кітапхана достары – оқырмандарға, кітапханашылар туыстарына Павлодарлық орталықтандырылған кітапханалық жүйенің қызметтік әлеміне енуге жүйе құрылымы туралы, ақпараттық және электрондық ресурстар, соңғы жылдардағы естелік оқиғалары, кітапханаларда болған атақты қонақтар мен кітапханалар оқу залдарында өткен әр алуан іс-шаралар туралы көрсетілген слайд-фильмі баяндауы көмектесті. Кітапханаға күрделі жөндеу жұмысы жасалған; жиһаз, жаңа сапалы компьютерлер сатып алынған; кітапхана дизайны жаңартылған, электронды РАБИС кітапханалық бағдарламасы, толық мәтіндік «Юрист» деректер базасы сатып алынған, «Қазақстанның Электронды Үкіметі» Қоғамдық қол жеткізу пункті ашылған; Электронды каталог пен толық мәтіндік «Ертістің Павлодар өңірі» деректер базасы құрастырылды.

Осыдан кейін жүргізушілер № 4 көпшілік кітапхананың 50 жылдық, № 12 көпшілік кітапхананың 40 жылдық, № 7 көпшілік кітапхананың 30 жылдық мерейгер-кітапханалардың құрылу тарихы, кәсіби жетістіктері мен ұжымдарытуралы айтты.

Павлодар қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С.К.Жетпісбаев қала әкімінің тапсырмасы бойынша барлық мерейгер-кітапханаларға естелік сыйлықтар табыс етті (музыкалық орталық және факс). Бұдан кейін қала әкімінің атынан «қарапайым және тыныш», бірақ оңай емес еңбекке өз өмірін арнаған кітапханашылар Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен ескерілді. Кітапханаға келіп жұмыс істеуге қалған, өз бейімділігін тапқандар: И.В.Абрамова, А.К.Жармагамбетова, Л.А. Лавриненко, Л.В. Леонова, М.Е.Маленёва, Н.И. Пихлик, Г.Р.Сафарова. Кітапхана ісінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан кітапхана жүйесінің ардагерлері мен бүгінгі күні кітапханадағы еңбектерін жалғастырып, өз тәжірибелерін жастарға жеткізіп жүрген В.А. Иванина., Л.В.Наумчук ерекше атап өтілді.

Мерекелік кештің тұздығы болып жас кітапханашылар арасындағы «2008 жылдың жас кітапханашысы» атағына ие болу конкурс болды. Жас мамандар: Саяна Кауметова, Анаргүл Қуаныш, Гүлнәр Мұхтарханова, Айнагүл Сәбитова, Ольга Самчук пен Әсел Сүлейменовалар «Танысуға рұқсат етіңіздер: мен — кітапханашымын», «Сұрақ-жауап» және «Өнер – ұлы күш» атты үш турда өздерінің кәсіби шеберліктері, білімдарлықтары мен шығармашылық қабілеттерін танытты. Білікті әділқазы мүшелері ең білімді және таланттыларды таңдады.

2008 жылы Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім арқасына түскен көп еңбек сіңіруді керек қылатын іс-шара – бұл «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауға дайындық пен өткізу. ҰӘБ меңгерушісі Л.С. Микушина Аттестациялық комиссиясының хатшысы болды. Дайындалған құжаттар: аттестаттау туралы ережелер; аттестаттаудан өтетін қызметкерлер тізімі; аттестация сұрақтары; аттестаттаудан өту кестесі; аттестаттаудан өтетіндердің әрқайсысына мінездеме. Аттестация екі рет өтті. Негізгі аттестация 26 ақпанда болды. Белгілі себептермен болмағандар үшін – 26 наурызда өтті.

Аттестацияны 58 кітапханалық қызметкер өтті. Павлодар қ. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бұйрығы шыққаннан кейін барлық қызметкерлерге ҰӘБ меңгерушісі Сертификат дайындап, табыс етті.

2009 ж. Осы жылдан бастап ЭК (электрондық каталог) оқырмандарға оқу залында дербес ақпарат іздеу үшін қолжетімді болды. Кітапханалар алатын барлық мерзімді басылымдар қаралып, ЭК-қа енгізіледі.

2010 ж. П.Васильев атындағы ОҚК-да аса ірі қоғам қайраткері және саяхатшы, ғалым және географ, біздің атақты жерлесіміз Григорий Потаниннің 175 жылдығына арналған «Ұлы саяхатшы» атты портрет-кеші өтті. Кездесуге қала мектептерінің, лицейлері мен колледждерінің оқушылары қатысты.

2010 жылдан бастап ОКЖ кітапханаларында сирек кездесетін және өлкетану қорын цифрландыру жұмыстары басталды.

2011 ж. 23 қыркүйекте 1 Май және Гагарин көшелерінің қиылысындағы алаңда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде ақын П.Васильев кеуітінің ашылуы салтанатты рәсімі өтті, бұл іс-шараға жауапты Павлодар қаласының ОКЖ болды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Б.Ә. Сағынтаев, қала әкімі Б. Т. Жоламанов, «Нива» журналының редакторы В. Гундарев, қаланың шығармашылық зиялы қауым өкілдері П. Поминов, В.Поликарпов, Г.Қаржасов қатысты.

2012 ж. 24 ақпан П.Васильев атындағы ОҚК павлодарлық белгілі ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі В. Г. Семерьяновпен «Менің айтар сөзім бар…» атты поэзиялық қонақ бөлмесінде кездесті. Ақынмен кездесуге колледж, лицей студенттері, ақын шығармашылығының жанкүйерлері келді. Іс – шараға әріптес-ақындар Т.Окольничья, И.Кандыбаев, К.Сатиев қатысты.

2013 ж. № 10 көпшілік кітапхана қазақ ақын – демократы, публицист, ХХ ғ. қоғам қайраткері және жерлесіміз С. Торайғыровтың туғанына 120 жыл толуына орай «Таланттың бастауы-Туған жер» поэтикалық шашуын өткізді. Қонақтар назарына әдеби-музыкалық композиция, слайд-презентация және «Ұлы даланың беделді баласы» виртуалды көрмесі ұсынылды. Іс-шараға «Сарыарқа Самалы» газетінің тілшісі, жазушы және кітапхана оқырманы Зейнеш Рақышқызы Ысқақова,№24 ЖОМ оқушылары, сондай-ақ «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының түсірілім тобы қатысты.

Сол жылы ОКЖ Жетекші ауылының көпшілік кітапханасы қосылды.

30 мамырда ОКЖ саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Есімдерді еске алу»  акциясын өткізді. ОҚК қызметкерлері репрессияға ұшыраған павлодарлықтардың (атылған немесе сотталған) тізімін алдын ала дайындады. Үлкен жұмыс атқарылды: алдымен 1999 жылы Павлодарда шығарылған «Қайғы кітабы. Ату тізімдері» бойынша жұмысын істеді. Бұл кітаптан 810 фамилия алынды. Содан кейін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік мұрағатта ата тектер  іздеу жұмысын жалғастырды, барлығы 2 300-ден астам тек табылды. 30 мамырда төменгі жағалауда көлемі 3 м-ден 24 м-ге дейінгі «Есімдерді еске алу акциясы» баннері орнатылды. Осы акция барысында павлодарлықтар сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының ата тегін оқып шықты, барлығы 2000-нан астам тегін оқыды. Акцияның соңында аспанға ақ гельді шарлар жанып тұрған шамдармен ұшырылды, бұл олардың үнсіз жандарын аспанға жібергендей болды.

2014ж. 24 ақпанда ОҚК гуманитарлық колледж студенттері, №16 мектеп-лицей, №7 мектеп оқушылары үшін актер, режиссер, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, жерлесіміз Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған «Өнер-менің өмірім» атты еске алу кеші өтті.

2015 ж.

30 қаңтар күні Орталық қалалық кітапханада Б.Ахметов атындағы  педагогикалық колледжі мен  ПМПИ студенттеріне, экология және туризм орталығының оқытушылары мен оқушыларына, қала мектептерінің кітапханашыларына, кітапхана оқырмандарына арналған тарихшы өлкетанушы Э. Д. Соколкиннің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпақтар рухында» кітабының тұсаукесері өтті. Өткізілген іс-шара туралы сюжеті «Ирбис» телеарнасы арқылы теледидарға көрсетілді.

2016 ж. «Павлодар балаларға оқиды» бірлескен оқу марафоны және «Павлодар — балаға мейірімді қала» бағдарламасын одан әрі дамыту аясында Павлодар қаласының кітапханалары әртүрлі іс – шаралар өткізді: «Мен, Әкем, анам, — отбасы оқырман» оқу мерекесі, «Қазақстандағы жыл кітабы» бенефисі, «Маршактың тыныш ертегілері» бала шақта оқитын аллеясы, «Сен оқисың, мен оқимын, бүкіл елім оқиды» әдеби флешмобы және т. б.

Сондай-ақ, Орталық қалалық кітапханада «Электрондық ресурстар залы» ЭРЗ ашылды, онда «Заң», «ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның цифрлық кітапханасы» Деректер Базасы орнатылды.

Әдістемелік бөлім меңгерушісі Л.С.Микушина және №4 балалар кітапханасының меңгерушісі Б.К.Кенжеғалиева 2016 ж. 26-27 мамыр аралығында Қарағанды облыстық

Ж.Бектурова атындағы жасөспірімдер кітапханасының базасында өткен республикалық конференцияға қатысты және сертификаттар алды.


2018 ж. 18 қаңтарда П.Васильев атындағы ОҚК-да Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері, Павлодар технологиялық колледжінің студенттері, №1 ЖОББМ оқушылары үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Алтын дөңгелек» кітапханалық жобасын іске асыру аясында әнші, ақын-композитор Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына арналған «Арқада ән тербеген Естай ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті. 72 адам қатысты.

2019 ж. П.Васильев атындағы ОҚК-да  «Алтын шеңбер» жобасын іске асыру шеңберінде актер және режиссер Ш. Аймановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Шабытпен рух бере білген» кинокеші  өтті. Іс-шараға бір апта қалғанда ОҚК коворкингінде барлық қалаушыларға  Ш.Аймановтың фильмдеріне көрініс ұйымдастырылды. Кино кешін өткізу күні залда Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өнердегі өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2019 жылдың ақпан айында П.Васильев атындағы ОҚК-да  ақын, Павлодар облысы Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, «Ертіс дидары» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қани Арман Бақтанұлының 65 жылдығына арналған  «Өмір, шіркін, жебе сынды зулаған…» атты кездесу өтті.

2020 ж. Кітапханаларда қызықты адамдармен кездесулер, жергілікті авторлардың кітаптарының тұсаукесерлері, әдеби-музыкалық кештер, талқылаулар, дөңгелек үстелдер, кітаптардың, картиналардың, фотосуреттердің көрмелері мәдениет, демалыс, қарым-қатынас орталығы ретінде кітапхана үшін дәстүрге айналды. Наурыз айынан онлайн режимде іс-шаралар өткізуді жалғастырды, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде, ОКЖ ресми сайтында,: буктрейлерлер, акциялар мен онлайн-оқулар, байқаулар жарияланды, виртуалды көрмелер, шолулар мен викториналар, тікелей эфирлер, «ZOOM» платформасында бейнеконференциялар ұйымдастырылды.

Оқырмандар үшін инстаграм парақшаларында қолдау акциялары өткізілді, кітапханашылар челлендждерге қосылды (#ABAI175 Челлендж  «Читаем Абая», #бірелбіркітап акциясы, #ЕлінсүйгенЕлбасы# мәнерлеп оқудың онлайн байқауы, Павлодар2020#марафон, #Тәуелсіздіккүні2020 онлайн сурет байқауы, #любимыйгородПавлодар2020, #День Единствапавлодар2020,  #Жеңіскүні75#Павлодар2020, #ардагергехат, #ДеньгородаПавлодар2020,  #Бірлік күні, #МӘуезов#Абайжолы дауыстап оқу, «Әнді сүйсең, менше сүй» ән керуені, #Ертістіңеңселі ұрпақтары» айдары, #руханижаңғыру, #kitap;  #ақхалаттыабзалжандар – медицина қызметкерлерін қолдау акциясы, челленджи #мывместе, #бізбіргеміз, #менүйдеқаламын және т.б.)

Павлодар қ.ОКЖ барлық филиалдары 2020 жылдың 29 қаңтарында Орталық қалалық кітапханада өткен «Абай кеші» кітапхана түнін ұйымдастыруға белсенді қатысты, ол қазақтың ұлы ақыны, данышпан, ойшыл, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы, композитор, ел тарихында өшпес із қалдырған қазақтың ұлы  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған. Қамтылуы-234 адам.

11 наурызда «Ақсақалдар тағылымы»  ҚБ мүшелері ОҚК-мен бірлесіп «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Туған жер» арнайы жобасы бағытында аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аққулы ауданының Құрметті азаматы Серік Сатыбалдинмен кездесу өткізді. Қатысушылар саны — 77 адам.

Жұмысты онлайн форматта ауыстыру кезінде (пандемияға байланысты) кітапханалар жоспарланған жарияланымдарды дайындауға белсенді қатысты. Естеріңізге сала кетейік, «Ертістің еңселі ұрпақтары» айдарындағы жарияланымдар Қуанышбек Шарманов, Бейбіт Бужен, Жарқынбек Амантайұлы, Алпыспай Хонш, Асыл Әбіш, Тілеуберді Сахаба, Бағдат Дүйсенов, Бекзат Смағұлов, Елмұрат Зұлқарнай, Рымбек Қабиденов, Нұрбол Жайықбаев, Серікболсын Дүйсембай, Абзал Қабдраш, Хафиз Қайролла, Айдын Мейрамов, Саяхат Оразбек біздің өлкеміз сияқты жас ақындар туындыларына арналды.

Комментарии запрещены.