Көпшілік кітапханасы №4

Құрылған жылы: 1958

Байланыс телефоны: 51-59-31

Құрылымы: абонемент, оқу залы

Посмотреть на карте Павлодара

Кітапхана тарихы:

№ 4 көпшілік кітапхананың құрылған жылы – 1958. Кітапхана оқырмандары  2-ші Павлодар тұрғындары, олардың арасында ересектер мен балалар да бар. Бұдан басқа, шиножөндеу зауытында көшпелі кітапхана жұмыс жасады, бұл кітапхана қоры кәсіпорын бағдарын ескеріп әдебиеттерін байытып отырды. 1984 жылғы есепте кітапхана меңгерушісі былай деп жазған: «… Кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі – өндіріспен байланыс орнату және жұмысшы жастар мәдени ойын-сауығын ұйымдастыру». Кітапхананың шағын аудандағы жұмысында «Промстроя» — «Ровесник» пен «Энтузиаст» екі жастар жатаханасы болды. Кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы жастар үшін адамгершілік қасиеттерді насихаттау бойынша іс-шаралар, мынадай формада ерлік үлгілері: «Этот день Победы», «Строители на вахте пятилетки» ауызша журналы өткізілетін еді. Оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызған «Горячие точки планеты» саяси ақпараттандыру болды, бұл шара бүкілодақтық еске алу апталығы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық апталығы аясында өткен болатын. Ұжым жыл сайын — «Библиотека отличной работы» атағына болып отырды. Кітапхана негізінде озық тәжірибе мектебінің мәжілістері жүріп, осы кітапхананың 30 жылдай басқарған меңгерушілердің бірі — Касьян Нина Григорьевнаның кәсіби шеберлігі мен насихаттаушылдығы және педагогикалық тактына байланысты кітапханалық семинарлар өтіп тұрды. Нина Григорьевна – еңбек ардагері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ол көп жылдар бойы «Кітапты үздік насихаттаушы» атағын арқалап жүрді, қалалық мәдениет бөлімінің кәсіподақ ұйымын басқарды, Ресейлік шағын аудан қауымдастығы кеңесінің жұмысына белсенді қатысқан. Өз жұмысын Нина Григорьевна өзара түсіністікте құрып, ұжыммен өз білімімен бөлісіп отырды. Оның мектебінен мынадай жас мамандар шыққан: Валентина Мисевич, Надежда Худякова, Татьяна Салей.

Қазіргі күні кітапхана тек қана 2-ші Павлодар оқырмандарын ғана емес, сондай-ақ Восточный шағын аудан, Южной станциясы мен теміржолшылар кенті оқырмандарына да қызмет көрсетеді. Кітапхана ұжымының кәсібилігі мен оны басқарған меңгеруші Асылайым Ауталиповна Байтешеваның арқасында № 12, 18, 41 ОМ оқушылары, технологиялық колледж студенттері қажетті әдебиеттерін кітапханадан таба алады.

Мақсатты бағдарламасы:

Кітапхана ұжымы «Отбасылық оқу кітапханасы» мақсатты бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда.

Мақсаттары: оқырман отбасыларының тәрбие бойынша әдебиеттерге қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыру; адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу; бос уақытты ұйымдастыруға көмектесу.

Міндеттері: психология-педагогикалық әдебиттер мамандандырылған қорын құру; отбасылық кештер ұйымдастыруға көмек ретіндегі әдебиеттер таңдау; балалар мен ересектердің шығармашылық дамуы.

Серіктестері: кітапқұмар отбасылары мен № 12, 18 ОМ педагогтары

Клубтық қызметі:

Кітапхана жанына зейнеткерлерге арналған «Общение» клубы құрылған.

Міндеттері: әлеуметтік аз қамтылған және жалғыз басты оқырмандардың бос уақытын ұйымдастыру; оларды халық емшілігі, бақша шаруашылығы бойынша жаңа әдебиеттермен ақпараттандыру.

Комментарии запрещены.