«Жазушының шығармашылық мұрасы»

4 желтоқсан күні № 2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Жазушының шығармашылық мұрасы» атты әдеби палитрасы өткізілді. Жүргізуші-кітапханашы «Бір ел — бір кітап» акциясы туралы, 2025 жылы жалпы оқу үшін екі автордың шығармалары таңдалғаны туралы айтты:…

Толығырақ

«Қазақ әдебиетінің кемеңгері»

27 қарашада Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Қазақ әдебиетінің кемеңгері» атты тарихи сағат өткізілді. Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларын кеңінен насихаттау, оқырман қауымның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру. Іс-шара барысында…

Толығырақ

«Жыр жұлдызы — Жұмекен»

20 қараша күні Кенжекөл ауылының көпшілік кітапханасында көрнекті ақын, жазушы, Алаш рухты қаламгер Жұмекен Нәжімеденовтың 90 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы — Жұмекен» атты әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты – жас ұрпақты Жұмекен шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рухты дәріптеу. Шара барысында…

Толығырақ

«Оқуға кеңес береміз»

22 қыркүйек күні № 43 мектептің 7 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Оқуға кеңес береміз» атты іс-шара өткізіліп, оқушыларды жазушы Такен Әлімқұлов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығымен таныстырдық. Оқушылар олардың шығармаларынан үзінділер оқып, Т. Әлімқұловтың «Рекс» әңгімесін талқылауға қатысты.…

Толығырақ

«Өз заманының жазушылары»

№3 көпшілік кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Өз заманының жазушылары» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Іс-шарада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжмеденовтің өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Қатысушылар жазушылардың әдеби мұрасын талқылап, олардың шығармаларынан үзінділер оқып,…

Толығырақ

«Бір дәуірдің қос үні»

19 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында республикалық «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында 40 мектептің 7а сынып оқушыларына «Бір дәуірдің қос үні» атты әдеби кеш өткізілді. Оқушыларды акция тарихымен, сондай-ақ абайтанушы, жазушы Т. Әлімқұлов пен қазіргі Қазақстан гимінің сөзін жазған ақын Ж.…

Толығырақ