Балалар кітапханасы №4


Құрылған жылы: 1969

Байланыс телефоны: 55-34-49

Құрылымы: абонемент, оқу залы

Посмотреть на карте Павлодара


Кітапхана тарихы:

№ 4 балалар кітапханасының негізі 1969 жылы қаланды. Бүгінгі күні кітапхана Кутузов көш., 20 мекенжайы бойынша бесқабатты тұрғын үйде ораласқан. Кітапхананың бірінші меңгерушісі:  1969 жылы – А.Б.Фаткулина; 1973 жылдан – М.Н. Миронова;  1982 жылдан – А.А.Жаркова болды. Жиырма жылдан аса кітапхананы (1984ж. — 2005 жж.) И.В.Музалевская басқарды. Кітапхана № 34, 43 ОМ мен № 3, 10, 24, 78, 84, 96, 97 балабақшалармен ынтымақтастық байланыстар орнатқан. Кітапхана жанына мынадай клубтар ашылған: «Бизнес-клуб» пен «Жас турист». «Большая и Малая Родина» мақсатты бағдарламасын іске асыруда кітапханашылар өлкетану бағытында ірі ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізіп келеді. Ооқырмандарға толыққанды қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында кітапханада 200 аса папка-конволют жинақталған, олар қаламыздың, облысымыздың, сондай-ақ республикамыздың қоғам және тарихи тұлғаларына арналған; кітапханада 100 аса диафильм мен 200 грампластинка бар. кітапханашылар мынадай 12 картотека жүргізді, олар: тақырыптық папкалар; диафильмдер; көпшілік шаралар сценарийлері; жаңа жұмыс формалары; мерзімді басылымдар;  мақалалар; жинақтар шығармалары мен т.б.. қызметкерлер кітапхана активімен бірге «Кітап» кітапты жаңғырту апталығына қатысты, сондай-ақ «Библиотека моего детства» конкурсына, «Звезда Прииртышья»» газетіне «На лучшее название «Детской странички» конкурсына мақала жазып атсалысты. Кітапханада ай сайын «Книжкин санаторий» атты шара жұмысы өтіп тұрды.

2005 жылдан кітапхана меңгерушісі К.К. Ахметова болды. Кітапханашылар № 2, 34, 43 ОМС және № 24, 82 балабақшамен ынтымақтастықты жалғастырды. Кітапхана іс-шараларын басқа да мектеп оқушылары қатысады. Кітапхананың шағын ғана ұжымы К.К.Ахметова, Ф.А.Сабырбаева, А.К.Қожахметова кітапхананың балалардың қызықты да, мазмұнды уақыт өткізу орны болуына бар күш-жігерлерін салып бағуда. Әр уақытта кітапхананың қонақтары болған танымал азаматтар: композитор Қ.М. Сатиев, Е.Фридлин, Ш. Байғалина, О.Н.Григорьева.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана «Атамекен» мақсатты кешенді бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда.

Мақсаты: патриотизмді және Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту.

Міндеттері: ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрлерге тарту; Қазақстан халықтары мәдениетін құрметтеуге және төзімділікке тәрбиелеу.

Серіктестері: № 2, 3, 34 ,43 ОМ педагогтары, № 24 балабақша.

Комментарии запрещены.