2025 год

Ахметұлы Дәнеш. Таң арайы

Аталмыш жинақтың тақырыбы алуан түрлі, айтар ойы да өзекті. Қай хикаят, әңгіме, ертегілерді алып қарасақ та бүгінгі өскелең тірлік, жасампаз өмірдің көрінісі байқалады.

 

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы. Елдік пен Ерлік сырлары.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы, жырау, манасшы Б.Т.Әлімжановтың қолыңыздағы кезекті кітабы айтары мол, танымдық дерегі мен дәйегінің аясы кең мақалалар мен ескірмейтін естеліктер және әр жылдарда берген сұхбаттарынан тұрады. Жазған материалдары қаншалықты нақтылыққа құрылып, жинақы жазылса, журналистердің білгісі, оқырмандар мен көрермендерге жеткізу үшін берілген сұхбаттарында да шаршау сөз бен шашыраған ой жоқ. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

Жаксылыков Аслан. Дом суриката

Роман «Дом суриката» является логическим продолжением предыдущего цикла, романов «Поющие камни», «Сны окаянных», «Другой океан». Книга освещает проблему возможности применения голографического оружия на экстремальном психологическом фоне. Её основная идея – выживание человечества и предостережения от гонки вооружений в условиях глобального экологического кризиса.
Қарамаңдаев Қайрат Сағатайұлы. Баһадүрлер

Бұл кітапқа Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған қазақ жауынгерлері мен офицерлерінің ерліктері арқау болған. Қанды қасап пен сұрапыл шайқаста өмір мен өлімнің арасында айрықша ерлігі үшін батыр атағына ұсынылып, алайда әр түрлі себептермен марапатқа ие бола алмаған, жүрекжұтқан есіл ерлерге анықтама беріліп, әскери шен-лауазымдары, мемлекеттік марапаттары көрсетіліп, майдандағы ерліктері марпаттау парақтары бойынша жазылады.

Лунин Константин Васильевич. Не уставайте никогда любить…

«Не уставайте никогда любить» — так назвал свою тринадцатую книгу стихов известный казахстанский поэт Константин Лунин. Читатели знают Константина Лунина как автора стихов гражданской направленности и потому – новая книга является первой, в которой собраны избранные лирические стихи автора за несколько лет творческой работы. Стихи, включенные автором в новый сборник, выпущенный к его 80-летию – это стихи раздумья, стихи о любви, стихи о людских судьбах… Стихи разноплановые, но всех их объединяет стремление автора быть сопричастным к судьбам людей, горячее желание добрым словом помочь им в создании своего счастья и раскрывает безграничную любовь к своей Родине – Казахстану.
Мұқтарханқызы Бақытжан. Бақыт әкелетін ертегілер

Бақытжан Мұктарханқызының осы жинаққа енген туындылары — заманауи ертегілерге жатады. Автор ежелгі ертегілердің дәстүрі мен сарынын сақтай отырып, оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетіне, ой мен қиялына жаңаша сипат береді. Сонымен қатар, бұл ертегілерде әралуан табиғат құбылыстарына, осы тұрғыда адам баласы қол жеткізген ғылыми жетістіктерге де мән береді.

Перро Шарль. Әжемнің ертегілері

Ш. Перро әлемге «Мама Қаздың ертегілері» атты шығармасымен танымал. Бұл ертегі ең алғаш 1697 жылы жарық көрген. Жинақ 9 ертегіден тұрады.
Рақыш Айзат. Әмірдің монологы

Жазушы, сыншы Айзат рақыштың бұл жинағына соңғы жылдары жазған әңгімелері мен хикаяттары және сыни мақалалары топтастырылып отыр. Қаламгер туындылары қазіргі қоғамның шындығынан бастау алған.
Туреханова Зауре. Айша и невидимые соседи

«Айша и Невидимые соседи» – это захватывающая повесть-фэнтези, которая погружает читателя в удивительный мир, где реальность и фантазия переплетаются в захватывающую историю о дружбе, любви и борьбе добра и зла. Автор Зауре Туреханова мастерски создала уникальную вселенную, в которой обычная школьница Айша сталкивается с невероятными приключениями и магическими существами.
Уайсова Айгүл Ойтұмар

«Зар заман ақыны» Шортанбай мұрасының зерттеушісі, Акпарат саласының үздігі журналист Айгүл Уайсованың бұл жинағында мерзімді баспасөзде жарияланған мақалалары мен еліміздің белгілі тұлғаларымен болған сұхбаттар топтастырылды. Автордын Шортанбай ақынға қатысты зерттеулері болашақтағы ғылыми ізденістердің өзегіне айналатындай жаңа көзқарастарымен маңызды болса, жалпы адамзаттық құндылықты дәріптейтін сұхбаттардың кейіпкерлері өз ойларымен ізгілікке бастайды. Жинақ қалың көпшілікке арналады.
Шарапатұлы Шапағат. Тынышпаев Мұхамеджан. Қазақ халқының тарихы

Жинаққа қазақ халқының қайраткер ұлы, қазақ тарихының, мәдениетінің, тұрмысының және қазақ рулары шежіресінің ірі білгірі, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. Мұхамеджан Тынышпаевтың кейбір көсемсөздері, ғылыми еңбектері мен өлкетану зерттеулері кіріп отыр. Оның еңбектерінде көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы қамтылады

Обсуждение закрыто.