Ысқақұлы Д. Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы.
Кітапта қазіргі жаһандану дәуірінің мәдени өміріндегі ғаламдық ауқымда жүріп жатқан тілдік құбылыстар әлеуметтік, филологиялық тұрғыдан шолынып, әлемнің тілдік бейнесі, түркі тілдерінің, оның ішіндегі қазақ тілінің тағдыр-талайы, жүріп өткен жолдары мен бүгінгі күнгі жай-күйі, болашағы ғылыми түрде жан-жақты сараланды. Кітап өз ұлтының болашақ тағдырына бейтарап қарамайтын саналы, ұлтжанды зиялы қауымға, ғалымдарға, бакалаврлар мен магистранттарға, докторанттарға, жалпы қалың оқырманға арналған. |
Мекебаев А. Тайник в степи
В романе «Тайник в степи» описываются трагические события, происходившие в далёкие тридцатые годы в казахской степи, когда казахский народ оказался в тисках голодомора, явившегося следствием тоталитарной политики Сталина. Благодаря умению писателя воссоздать подлинную картину происходящего, пропустив его через своё сердце, мы можем наглядно представить себе это нелёгкое время, нашедшее отражение в романе |
Смайыл А. Тәңір соты
Алдан Смайылдың «Тәңір соты» кітабына кейінгі жылдары жазылған повестері мен драмалық шығармалары еніп отыр. Қаламгер бұл еңбектерінде де өзіне тән көркем шеберлікпен адам бойындағы құбылыстардың психологиялық астарларын ашады. «Тәңір соты» драмалық поэмасында халық, тұлға, ерлік пен сатқындық тайталасады. Сақ, ғұн ғасырларының ащы шындығы арқылы бүгінгі ақиқат ашылады. |
Байсеркеұлы М. Сахна сыры
Бұл кітапта Қазақстанның халық артисі, көрнекті театр режиссері, профессор Маман Байсеркеұлының спектакльдері туралы мақалалар, шығармашылық кескіндемелер, сұхбаттар және режиссердің театр туралы толғамдары мен оның қаламынан туған пьесалар еніп отыр. |
Мырзахметұлы М. Абайтану Т. 1
Белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындаған «Абайтану» сериясының алғашқы томында ұлы Абай мұрасының зерттеулері мен Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы нақтылы кезеңдерге бөлініп сипатталған. Бір ғасыр бедеріндегі ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктер мен кемшіліктер бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады. |
Менің сатып алған күйеуім
Жинақта АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей жазушыларының шығармалары ұсынылып отыр. Ішінара Альфрейд Нобель атындағы әдебиет сыйлығын әр жылдарда алған жазушылардың таңдаулы әңгімелерінен де арнайы енгізілді. |
Қазақстандағы сайлау тарихы
Итория выборности в Казахстане
Кітапта жеке ұлттық мемлекет – Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Ресей империясы мен кеңестік кезең аясында сайлау жүйесінің іске асырылуы, оның тарихы мен дәстүрлерін зерттеу нәтижесі ұсынылған. Зерттеу жұмысының басым бөлігі тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі сайлау жүйесінің қалыптасуына арналған. Авторлар аталған мәселені зерттей келе, қазіргі уақытта Қазақстандағы сайлау жүйесі қалыптасуының ғылыми және саяси мәселе ретінде арнайы қарастырылмағанын айқындады. Осы кітапта зерттеушілер назарынан тыс қалып қойған қазіргі саяси институттың тарихы мен оның қоғамдық маңызы жан-жақты сөз етіледі.
Вашему вниманию предлагается первое казахстанское исследование, посвящённое истории выборности и выборных традиций казахов. Обнаруженные в архивохранилищах страны и ближнего зарубежья копии исторических источников и дипломатической переписки, избирательные документы разных времён свидетельствуют о ценном электоральном опыте, дошедшем до нас ещё из древности. |
Қайымова Б. Қазақстан халықтарының ертегілері
Ертегі – қандай да бір халық ауыз әдебиетінің аса шұрайлы, тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор, өскелең ұрпақты өз елі мен ұлтының тарих-тағлымы, салт-санасы, дәстүр-ұлағатына етене жақын баурай түсетін ерекше жанр. Жинақтағы ертегілер – егемен Қазақстан жерін мекен еткен бауырлас халықтардың ежелгі ауыз әдебиеті ертегілері ұсынылған |
«Қазақстан: бірлік және келісім мекені» жинағы 2020 жылы аталып өтілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Онда халықтың көпэтносын құрамының қалыптасуы тарихы мен қазіргі жай-күйі, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінің құқықтық, институционалдық негіздері ашып көрсетілген. Жинақта этносаралық өзара әрекеттестіктің бірегей институты болып табылатын ҚХА-ның қызметі егжей-тегжейлі баяндалады.
Сборник «Казахстан: страна мира и согласия» посвящён 25-летию Ассамблеи народа Казахстана, которое отмечается в 2020 году. В нём раскрыты история формирования и нынешнее состояние полиэтничного состава населения, правовые, институциональные основы казахстанской модели общественного согласия и общенационального единства. В сборнике подробно освящается деятельность АНК – уникального института межэтнического взаимодействия. |
Жұртбай Т. Жансар
Тұрсын Жұртбайдың қауым назарына ұсынылып отырған «Жансар» атты эсселер мен естеліктері де түйсік түкпірінде жатқан жан сырын қозғайды. Бұл жинақты: қазақ ақыл-ойының қормал ғұламалары мен киелі қалам иелерінің өмірі хақындағы психологиялық барлау, портрет, көркем-сыни талдау десе де болады. Ең бастысы, жазушы өз тұсында өмір сүрген, кеше ғана өмірден өткен аға ұрпақтар мен замандастарының жан жылуын келер ұрпаққа жеткізуге ұмтылған. |
Светқали Н. Генрих Гейне. Теңіздегі дауыл
Светқали Нұржан аударған немістің ұлы ақыны Генрих Гейненің қазақ тіліндегі ең көлемді аудармасы болып табылатын бұл кітапқа, негізінен, ақынның таңдамалы лирикалары мен балладалары топтастырылған. |
Ашимханулы Д. Дьяволский ветер
«Дьявольский ветер» — сборник избранных произведений видного казахского писателя, лауреата международной премии «Алаш», заслуженного деятеля Казахстана Дидахмета Ашимханулы. В книгу вошли рассказы в своё время занимавшие достойное место в мире казахской прозы, получившие призовые места в республиканских конкурсах. Исполненные с тонким лиризмом, сочетающие трагизм нелёгкой народной судьбы и подлинный народный юмор, эти произведения нашли широкий отклик у читательской аудитории. |
Ахметұлы Д. Бүлдірген қалың шыққан
Жазушының «Бүлдірген қалың шыққан» деп аталатын бұл жинағында бүгінгі бала тірлігінің әр қилы жақтары сөз болады. Баланың жан дүниесі, өмірге деген көзқарасы түрлі сипатта көрініс береді. Әңгімелер мен мысалдардың басым көпшілігі мерзімді баспа бетінде жарық көрген. Ертегілерден жаңашылдық, жасампаздық нышаны аңғарылады. |
Смайыл Қ. Аралбай батыр – Таңсұлу Ана
Қалкен Смайылдың халық жадында сақталған тарихи деректер негізінде өлеңмен жазылған «Аралбай батыр – Таңсұлу Ана» атты романы мен прозалық нұсқасында қазақ – қалмақ соғысының қаһарман баһадүрі Арғын Алтай Аралбай батыр Әлібекұлының ерлігі мен оның жары, ел басына қаралы күн туған зобалаң заманда парасатты ұйымдастырушылық қабілетімен ел – жұртының ынтымағы мен ырысының ұйытқысы болған. Шығарманың барлық кейіпкерлерді өмірде болған, бәрі де өз есімдермен аталады. Аралбай батыр Әлібекұлы, Сайдалы Аталық Ер Нияз, тарақты Байғозы, Бәйтелі Аралбайұлы, қара тоқа Күшікбай, Нұржан шолақ батырлар, елінің бостандығы, жерінің бүтіндігі, Қазақ хандығының мемлекеттігі үшін жан аямай күрескен белгілі тарихи тұлғалар |