Қазақша Русский



«Достықтың дархан ұясы»

   «Достықтың дархан ұясы» атты биобиблиографиялық көрсеткіш ұлттық әдебиет кітапханасымен дайындалды. Оқу құралының мақсаты Қазақстанның  аумағында тұратын түрлі халықтардың жазушылары мен ақындарының шығармашылығы мен әдеби өміріне қызығушылық танытқан кітапхана қызметкерлерін, оқытушыларды, студенттерді және көпшілік оқырман қауымын таныстыру болып табылады.

   Көрсеткіште әр  жазушы туралы өмірбаяндық анықтама, жазушы шығармашылығының мәніне байланысты кейде қысқаша, кейде толық түрде, сонымен қатар, жинақтарда, журналдар мен газеттерде жарияланған, жеке басылым болып баспадан шыққан, әдебиет, оның шығармалары мен ол туралы жазылған әдебиеттердің тізбесі берілген.

   Жазушы туралы әдебиеттер тізімдері өмірбаяндық материалдармен ашылады, содан кейін монографиялары мен жинақтары, сондай-ақ оның шығармашылығын толықтай сипаттайтын мақалалар, кейін жеке тақырыптар мен мәселелерге арналған  кітаптар мен мақалалары аталып шығады.

   Өмірбаяндық анықтамалар жеке халықтық бойынша әліпби тәртібімен берілген. Жұлдызшамен (*) белгіленген  әдебиет Павлодар қ. ұлттық әдебиет кітапханасында бар әдебиеттер.

   Көрсеткішті құрастыру үшін келесі дереккөздер пайдаланылды: «Үлкен совет энциклопедиясы», «Қысқаша әдеби энциклопедия», «Советтік энциклопедиялық сөздік»,   ru.wikipedia.org. сайтының интернет дереккөздерінен.

Бастау