Қазақша | Русский

Біздің мекенжай: Павлодар қаласы
С.Торайғыров көшесі, 44 / 1
Орталық қалалық кітапхана
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Тел.: 53-38-80

Біздің сайт: cbspvl.kz
Электрондық мекенжай: cbs.ibo@mail.ru

Құрастырушы: Н.Д. Худякова, ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі
Редактор: Б.Е. Әлімғазинова
Аудармашы: Қ.Ә.Сақауб

Павлодар қ. ескерткіштер

2013 жылы Павлодар облысы өзінің 75 жылдығын атап өтеді. Біздің облыс бай және қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар Қазақстанның ірі өндірістік орталығы болып есептеледі.
Павлодар қаласының тарихы облыс тарихымен тығыз байланысты.
Біздің қала үш ғасырға жуық қарт Ертістің жағасында тұр. Өзінің өмірбаянын шағын қоныстан бастаған Павлодар ірі заманауи қалаға айналды. 

Бүкіл әлемде біздің Павлодар сияқты әсем қалалар көп табыла қоймас. Бұл қаланың көшелерінде, алаңдарында және саябақтарында көптеген ескерткіштер мен еске алатын орындар бар. Қала өткеннің куәлары мәдениет, тарих және сәулет ескерткіштерін ерекше қастерлеп сақтайды. Көптеген белгілі павлодарлықтардың есімдері көше аттарына беріліп мәңгі сақталған, олардың құрметіне бюсттер, ескерткіштер, мемориалдық тақталар қойылған. Олар қаланың жалпы келбетіне жақсы үйлесіп, оның дара және қайталанбас колоритын құрады.

 Электрондық энциклопедиялық құрал «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар  жүйесінің» сайтында берілген.                                                                                
Электрондық құралды жасаудың негізгі мақсаттары:

Ескерткіштер туралы мақалалар қысқаша ақпараттан тұрады, әдебиеттер тізімі ескерткіштің сипаттамасының соңында берілген, әрбір мақала суретімен бірге берілген.
Электрондық энциклопедиялық құралды дайындау кезінде анықтамалық және энциклопедиялық басылымдар, ғаламтор материалдары, «Павлодар Ертіс өңірі» ДБ және П.Васильев атындағы Орталық қалалық кітапханасының өлкетану картотекасы пайдаланылды.
Электрондық құрал бірнеше бөлімнен тұрады:
1. Павлодар қаласының тарихы
2. Павлодар қаласының тарихы даталарда
3. Павлодар қаласының ескерткіштері және еске алатын орындары
4. Павлодардың тарих, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
4.1 Ескі қала
4.2 Жаңа қала
4.3 Павлодар қаласының рухани сәулет ескерткіштері
5.Ескерткіштер туралы қызықтар
6.Фотогалерея