16 қазан күні №43 орта мектептің 9 сынып оқушылары үшін жерлесіміз, композитор, әнші, ақын Жаяу Мұса Байжановтың 190 жылдығына арналған «Ақынның дауысы — тірі өнер» атты өлкетану сағаты өткізілді. Кітапханашылар Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар халық арасында кең тараған танымал «Ақ сиса» әнін, «Қыздар-ай», «Баянауыл» әндерінен үзінділерді, өлеңдер мен мысалдар тыңдап, бейнероликтерді тамашалады. З. Ақышевтің «Жаяу Мұса» романы мен Жаяу Мұсаның әндер жинағы қойылған кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.
















