Жобасы аясында балалар ақыны А.Л.Бартоның 115-ж.орай дауыстап оқу

2021 ж. 17 ақпанда кеңестік балалар ақыны, жазушы, сценарист және радио жүргізушісі Агния Львовна Бартоның туылғанына 115 жыл болды. Агния Бартоның балаларға арналған өлеңдері бірнеше ұрпақты тәрбиелеп өсірді. Оның өлеңдерін оқу қызықты әрі көңілді, оқуға да, жаттауға да оңай. 1964-1973 жж. «Маяк» радиостанциясында «Адам іздеу» бағдарламасын жүргізді, онда соғыс кезінде жоғалып кеткен балалардың отбасын іздеді. «Подкидыш» (1939), «Слон и верёвочка» (1945), «Алёша Птицын вырабатывает характер» (1953), «10000 мальчиков» (1961) фильмдерінің сценарийлерінің авторы. 1976 ж. А.Бартоға Г.Х.Андерсен атындағы Халықаралық сыйлық берілді. Ол ордендермен және медальдармен марапатталды.Агния Барто есімі кішігірім планеталардың біріне берілді.

YouTube player

Комментарии запрещены.