КАЗАНҒАП БИ САТЫБАЛДЫҰЛЫ

Қазанғап Сатыбалдыұлы (1771-1856) — Орта жүздің белгілі биі, шешен. Арғын руының бәсентин және бөрі тармағынан шыққан. Павлодар облысы Баянауыл өңірінде дүниеге келген. 1843-1848 жылдар аралығында Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған. Ресейдің патшасының қолынан орыс әскерінің прапорщигі (1808), капитан шендерін алып (1810), кейіннен штабс-капитан шенін иеленіп (1817), майор (1833) болған. Қазанғап би Патша өкіметі тарапынан Владимир алтын медалімен, алтын жалатылған күміс кубогымен, екі рет шекпен мен аң терісі бөрігі және әр түрлі күміс ақшалармен марапатталған. Қарқаралы сыртқы округінің аға сұлтаны Абай Құнанбаевтің әкесі — Құнанбай Өскенбайұлымен дос болған. Қазанғап би Сатыбалдыұлы Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болғаны кезінде қайырымдылық жұмыстармен айналысқан. Баянауыл сыртқы округінде мешіт-медреселер, мектеп салу жұмыстарын жүргізген. Мешітке Қазан қаласынан татар молдасы Ғабдул Ғапарды алғызған. Ғабдул Ғапармен еріп келген жас жігіт Рамазанды өзіне көмекшілікке алып тәрбиелейді. Барлық сауда-саттық жұмыстарын Рамазан атқарып, Қазанғап бидің тапсырмасы бойынша Ірбіт (Орал), Сібір, Омбы, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барып сауда-саттықпен айналысқан. Ол дуанбасы болған бес жылға жуық уақыт ішінде округ көлемінде жер асты кен байлық көздері ерекше мол ашылады. Ел ішінде бейбіт өмір, тыныштық орнаған. 1856 жылы Қазанғап Сатыбалдыұлы қайтыс болғаннан кейін Рамазан Қызылжар, Омбы қалаларынан күйдірілген қызыл кірпіштер мен ақ мәрмәр тастар алғызып, басына ақ күмбезді кесене тұрғызған. Кесене ішінде Қазанғап бидің еңбектері жөнінде ақ мәрмәр тастан жазылған қабірүсті ескерткіш орнатқан. Кеңес үкіметі кезінде Қазанғап би кесенесі бұзылып, кірпіштері ауылдағы фермаларға жұмсалған. Кейіннен Рамазанның немересі Абдулфаттах Рамазанов Павлодар (Кереку) қаласындағы Әлкей Марғұлан көшесінде Қазанғап биге арнап Ақ мешіт салғызған. Баянауыл тауларында «Қазанғаптың асуы», Баянауылға кіреберісте Төлеу бұлағының жағалауында «Қазанғаптың қоралары» атты жерлер бар. Қазанғап бидің жерленген жері қазіргі Ақсу ауданы Қанаш Қамзин атындағы шаруашылыққа қарасты Балықшы ауылының жанындағы үлкен қорымда орналасқан. 2008 жылы қазан айының басында Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында Қазанғап би Сатыбалдыұлының ескерткіші орнатылды.

Дерек көзі: «Баянаула перзенттері» кітабы.

YouTube player

Мақалалар

Байбуранов Д. Қазанғап Сатыбалдыұлы

[collapse]
Демесінұлы М. Қазанғап би

[collapse]
Жайықбаев Н. Еліне пана болған би Қазанғап

[collapse]
Қосаяқов Б. Қазақтың Қазанғабы

[collapse]
Молдайып С. Аймақтың барлық тұрғыны атсалысуы тиіс

[collapse]
Молдайып С. Қазанғап бидің жерленген жері

[collapse]
Нұрбаев Қ. Қазанғап би және оның

[collapse]
Нұрбай Қ. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді...

[collapse]
Нұрбай Қ. Қазақтың ұлы тұлғасы

[collapse]
Айтенова А. Славные имена Отечества

[collapse]
Нурбаев К. Казангап бий и его потомки

[collapse]

Әдебиет

Қазақстан тарихы [Мәтін]: этникалық зерттеулерде. Т. 10: Арғын / авт. Ғ. Х. Мағауияұлы.- Алматы: Алаш, 2011.- 175 б.- (Мәдени мұра).

Қазанғап Сатыбалдыұлы // Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы, 2013. — 421 б.

Казангап Сатыбалдыулы // Павлодарское Прииртышье. Энци­клопедия. — Алматы, 2003. — С. 303.

***

            Ақбұзауов, З. Қазанғап би есімі берілсе… [Мәтін]: [Ленин кентінің ономастика мәселесі туралы әңгіме] //Сарыарқа самалы.- 2014.- 4 ақпан. — 3 б.

Әбікен, Ж. Ленин кентінің әкімі Жеңіс Әбікен: «Игілікті істер күтіп тұр» [Мәтін]: [Ленин кентінің әкімі Жеңіс Әбікенмен әңгіме] / сұхбаттасқан Н. Жайықбаев  //Сарыарқа самалы.- 2013.- 8 қаңтар. — 3 б.

Байбуранов, Д. Б.  Қазанғап Сатыбалдыұлының туғанына 245 жыл [Мәтін] //Новое время.- 2016.- 10 марта. — С. 2.

Демесінов, М. Қазанғап би [Мәтін]: Қазанғап би Сатыбалдыұлы (1771-1856) //Egemen Qazaqstan.- 2018.- 20 наурыз. — 7 б.

Жайықбаев, Н. Еліне пана болған би Қазанғап: Қазанғап би Сатыбалдыұлы (1771-

1856) / Н. Жайықбаев // Saryarqa samaly. — 2019. — 15 тамыз. — 14 — 15 б.

Қазанғап бидің жерленген жері [Мәтін]: [киелі орындар санатына енген Қазанғап Сатыбалдыұлының ескерткіші] / әзірлеген С. Молдайып //Сарыарқа самалы.- 2018.- 23 маусым. — 7 б.

Қосаяқов, Б. Қазақтың Қазанғабы: [Қазанғап би Сатыбалдыұлы] // Сарыарқа самалы. — 2014.- 26 тамыз. — 8 б.

Молдайып, С. «Аймақтың барлық тұрғыны атсалысуы тиіс»: [облыс әкімінің

орынбасары М. Бегентаев аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар барысы мен алдағы уақытта қолға алынатын міндеттемелер туралы баяндама жасады] // Сарыарқа самалы. — 2018. — 15 мамыр. — 2 б.

Нұрбаев, Қ. Қазанғап би және оның танымал ұрпақтары: Қазанғап бидің туғанына

— 245 жыл // Сарыарқа самалы. — 2016. — 13 тамыз. — 9 б.

Нұрбай, Қ. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді… [Мәтін]: [Алаш қайраткері, ақын Қабыш Исаұлы Бердалиннің қызы Нүрән Исенова жайлы]//Saryarqa samaly.- 2020.- 15 қараша. — 10 б.

Нұрбай, Қ. Ж.  Қазақтың ұлы тұлғасы [Мәтін]: [Қазанғап би Сатыбалдыұлы жайлы]

//Версия.- 2019.- 18 нояб. — С. 10.

***

Айтенова, А. Славные имена Отечества [Текст]: [деятельность Казангапа Сатыбалдыулы получила признание не только в родном Прииртышье] //Казахст. правда.- 2019.- 14 нояб. — С. 4.

Нурбаев, К. Ж. Казангап бий и его потомки // Звезда Прииртышья. — 2016. — 18 авг. — С. 17.

***

Қазанғап би Сатыбалдыұлы. Құраст.: Ә.Қ. Елемесов, Қ.Ә. Малғаждаров. — Павлодар: «Кереку», 2008 — 173 б.

http://lib.tarsu.kz/rus/all.doc/Elektron_res/Kasangap_bi.pdf.pdf

[collapse]

Комментарии запрещены.