«Витаминия елі»

10 маусым күні М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОББ  № 1 «Морские открыватели» отрядтың балаларына арналған  «Витамин елі»  атты библиодигустация  өткізілді.

Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна  балалармен адамдарға дәрумендердің не үшін керек екені жөнінде әңгімелесті. Шара жалғасы «Басты дәрумендер» қойылымымен, оның негізгі дәрумендер тобымен және адамның тамақтанудағы рөлі қандай екендігін  таныстырудан басталды.

«Витамины с грядки» виртуалды сұрақ-жауабы, «Пайдалы және зиянды өнімдер» ойыны, «Знание — сила» сайыстары оқушылардың дәрумендер әлемі және олардың адамға тигізетін пайдасы туралы түсініктерін кеңейтті. «Овощи», «Приключение Огуречика» құрамында дәрумендер бар тағамдар туралы мультфильмдерін көрді.

Шара соңында «Ну, погоди!» 6 шығарылым мультфильмін қарады. Қатысқандар саны – 27 адам.

Комментарии запрещены.