«Абылай — қазақ жерінің ұлы ханы»

«Жыл мерейтой иелері ». Абылай хан — 310 жыл.

Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) — қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айналдырды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол — Ақ толқын, Алабайрақ, Бұлан жігіт, Дүние қалды, Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға, Қоржыңқақпай, Майда жел, Садаққаққан, Сары бура, Шаңды жарық, т.б. күйлердің авторы.

YouTube player

Комментарии запрещены.